• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 05:27:27
Алматы
+35°

11 Қараша, 2017 Әлеумет

Куәгер күнделігі: Досымды болмашы себепке бола өлім жазасына кесті (видео)

Бұған дейін куәгер күнделігінің 1-ші, 2-ші, 3-ші бөлімін жарияладық

Бұған дейін куәгер күнделігінің 1-ші2-ші, 3-ші бөлімін жарияладық.

Куәгер күнделігі (4-ші бөлім):

Мен шариғат сабағы аяқталды деп ойладым, бірақ мешітке кешкі сабаққа баруымыз керек екен. Басқа дүкен иелері де сабаққа қатысуы қажет. Сондықтан кешкісін дүкендердің барлығы жабық тұратын.

Досым сол күні сабаққа келмеді. Ол ауырып қалғанын айтты. Кейінірек оның үйіне ДАИШ адамдары келгенін естідік. Алайда ол үйінде болмаған.

Бір апталық курс аяқталды. Біз жаңа рухани білім алдық. Келесі күні мен көшеде болашағыма қатысты толық сеніммен келе жатқанмын. ДАИШ адамы мені тоқтатып «таң намазын оқыдың ба?» деп сұрады. «Иә, әрине» деп жауап бердім. Бірақ ол менің сөзіме сенбеген сияқты. Мені көшеде кетіп бара жатқан әйел құтқарып қалды. Ол көзін дұрыс жаппапты. Мұны көрген ДАИШ-тық оның артынан жүгіріп кетті. Мен дүкенге кеттім. Онда мені екі бейтаныс адам іздегенін айтты. Мен қорқып кеттім. Тіпті қолым қалтырап кетті.

«Олар кімдер екен?» деп сұрадым. «Білмеймін, біреуінің қолында автомат болды» деп жауап берді.

Мені ДАИШ әскерінің қатарына соғысуға жібере ме деп қорықтым. Қашып кетсем бе екен деп те ойладым. Алайда олардың мені оңай тауып алатынын білдім. Күні бойы мені іздеп келген екі адам туралы ой мен не болуы мүмкін деген сауал мазалады. Бірақ ешкім іздеп келмеді. Мен дүкенді жаптым да үйге қайттым.

«Не болды, балам. Өңің бозарып кетіпті ғой» деді анам. Аналар баласының көңіл күйін жақсы сезеді. Тамақ ішкім келмеді. Мені ДАИШ адамдары іздеп келсе анамның жағдайы не болмақ деп ойланып отырдым. Анам менің әлденеге алаңдап отырғанымды байқап, не болғанын сұраумен болды, бірақ мен оның уайымдағанын қаламадым. Сондықтан ештеңе айтпадым. Мен түні бойы ұйықтамадым. Анам да көз ілмеген болар.

Таң ертең ерте үйден шығып кеттім. Мені анамның көзінше алып кеткеннен дүкеннен алып кеткені жақсы. Дүкенге ұзын бойлы қаруы бар адам кіріп келді. Менің артымнан келгеніне сенімді болдым. Ол адам досымның үлкен қиындыққа тап болғанын айтты. Шариғат сабақтарын өткізгені үшін оны өлім жазасына кескен. Бақытқа орай, дүкенге келген адам оған ескертіп үлгеріпті. Досым қашып кетті.

Бүгін өте қиын күн болды. Кешкісін мен досым Мұхаметпен кездестім. Ол менің әкеммен жасты. Мен одан қазіргі қорқынышты жағдайды қалай өзгертуге болатынын сұрадым.

Ол маған болып жатқан оқиғаларға мән бермеуге кеңес берді. «Өзіңді екі таудың арасында арқанмен өтіп бара жатырмын деп елестет. Төменде болып жатқан жағдайдың барлығы — қазіргі шынайы өмір. Ал сенің мақсатың екінші тауға аман-есен жету. Тек сол мақсатың туралы ойлан. Төменге қарама» деді досым. Енді мен оның кеңесіне жүгінемін. Тіке жүріп тауға жетуге тырысамын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір