• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Мамыр, 05:15:22
Алматы
+35°

10 Қараша, 2017 NEWS

Куәгер күнделігі: ДАИШ өлтірген әйел жақында босану керек еді (видео)

Өз өмірін қатерге тігіп Сириядағы жағдай туралы ақпаратты журналистерге жеткізіп отырған тұрғындар бар.

ДАИШ террористік тобы тұрғындарға қатысты қандай қатігез әрекеттерді қолданатыны белгісіз. Сирияда репортаж жасау өте қауіпті. Сондықтан журналистер ДАИШ басып алған жерлерге көп бара бермейді.  Алайда өз өмірін қатерге тігіп Сириядағы жағдай туралы ақпаратты журналистерге жеткізіп отырған тұрғындар бар. Би-би-си корреспонденті соңғы үш айда Ракка тұрғынымен хабарласып тұрды. Ол күнделік жазады. Онда ДАИШ содырлары басып алған қаладағы тұрғындардың жағдайы баяндалады.

Бұған дейін куәгер күнделігінің 1-ші, 2-ші бөлімін жарияладық.

Куәгер күнделігі (3-ші бөлім):

Революциядан кейін үміт оты қайта жанған еді. Мен шетелге кетіп, бейбіт елде өмір сүремін деп армандадым. Бірақ бұл арман арман күйінде қалды.

Қазір таңғы уақыт. Мен бөлмемде отырып бомбаның жарылғанын, көрші балалардың жылағанын естіп жатырмын. Бұл айналада болып жатқан ащы шындық. Сондықтан мен армандауды қойып, тірі қалудың барлық амалдарын жасауым қажет екенін түсіндім. 

Ағам екеуіміз не болып жатқанын білу үшін далаға шықтық. Көршіміз баласын іздеп жүр екен. Өткен кеткен адамдардан баласын сұрайды. Ол нан алуға шыққан екен.

Адамдардың айтуынша, бомба Абдул Мұхаммедтің үйіне түскен. Барлығымыз сол жаққа қарай жүгіріп бардық. Қарасақ адамдардың дене мүшелері әр жерде жатты. Көз жұмғандардың бірі жүкті еді. Көршілердің айтуынша, әйел бірнеше күннен кейін босану керек еді.

Ұшақтар ұшып кеткеннен кейін, өзім жұмыс істейтін дүкенге келдім. Бастығым күлімсіреп шай ішіп отыр екен. Бірақ осы жолы темекі шекпеді. Себебі ол әдетте шайды темекі шегіп отырып ішетін. ДАИШ содырлары темекі тартуға тыйым салған. Олар бастығымнан темекінің иісін сезіп, көпшіліктің көзінше оны қорлаған. Одан кейін қылмыскер секілді ұрып тастаған. Біз сөйлесіп отырғанда дүкенге қағаз ұстаған бірнеше адам кірді. Олар бізге қағазды берді де ештеңе айтпастан шығып кетті. Қағазда ДАИШ-тың дүкендерде теледидар қоюға тыйым салынғаны жазылған екен. Теледидарды алып тастауға бір апта берді. Сыртқы әлемнен қол үзгеніміз аздай оны көгілдір экран арқылы да қарай алмайтын болдық.

Біраз уақыттан кейін дүкенге досым келді. Оны ДАИШ адамдары тұтқындағаннан кейін бірнеше ай бойы көрмеген едік. Бұл оның төртінші рет қамауға алынуы еді. «Бекем бол. Біз сені ДАИШ содырлары өлтіріп тастады деп ойладық» дедім мен.

Анам телефон шалып, үйге келерде азық-түлік сатып алу керектігін айтты. Алайда менің ақшам аз еді. Жолда тамақты неліктен  аз сатып алғаным туралы түрлі сылтауларды ойлап бардым. Бірақ анам менің аман-есен үйге жеткенімнің өзіне риза болды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір