• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 02:41:44
Алматы
+35°

09 Қараша, 2017 NEWS

Куәгер күнделігі: Зина жасаған әйелдерді аяусыз жазалады (видео)

Би-би-си корреспонденті соңғы үш айда Ракка тұрғынымен хабарласып тұрды

ДАИШ террористік тобы тұрғындарға қатысты қандай қатігез әрекеттерді қолданатыны белгісіз. Сирияда репортаж жасау өте қауіпті. Сондықтан журналистер ДАИШ басып алған жерлерге көп бара бермейді.  Алайда өз өмірін қатерге тігіп Сириядағы жағдай туралы ақпаратты журналистерге жеткізіп отырған тұрғындар бар. Би-би-си корреспонденті соңғы үш айда Ракка тұрғынымен хабарласып тұрды. Ол күнделік жазады. Онда ДАИШ содырлары басып алған қаладағы тұрғындардың жағдайы баяндалады.

Куәгер күнделігі (2-ші бөлім):

Ол мені аяусыз ұрды. Оның көзінен бұл әрекетін мақтан тұтатынын байқадым.

Мен үйге жеткенде талып қалдым. Жүкті әпкем басымнан өткен жағдайды білгеннен кейін уайымдағаны соншалық өзін нашар сезінді. Біз бірден ауруханаға бардық. Бірақ аурухана жабық екен. Көшеде кетіп бара жатқан адам дәрігер көршісі екенін және оны ДАИШ содырлары қамауға алып, ауруханасын жапқанын айтты. Олар ер адамдардың әйелдерді емдеуіне тыйым салған. Біз әйел гинекологты іздедік. Бірақ бізге үйге қайтып, демалу керек екенін айтты.

Кейінірек мен досымды кездестірдім. Ол әлденеге қобалжып тұрғандай көрінді.

«Біз ДАИШ-қа қарсы жасырын топ құрдық. Біз қанпезерлердің қаламызда не істеп жүргенін бүкіл әлемге жеткізгіміз келеді» деді досым.

Жолда тағы Мұхаммед есімді досымды кездестірдім. Оның өз дүкені бар. Ол жолдың арғы бетіндегі дүкен иесін нұсқады. Онымен ДАИШ адамдары сөйлесіп тұрған еді. Біреуінің қолында бір бума қағаз болды.

«Эй, мынау дүкеннің иесі кім?» деп айқайлады бірі. «Мен» деп жауап берді Мұхаммед.

«Біз кахтанбыз. Салық жинауға келдік» деді олар. Аталмыш ұйым кедейлерге көмектеседі, алайда бұл адамдар ДАИШ-қа арнап салық жинап жүргендер.

— Мен төлеу қажет салықтың барлығын төлеп қойғанмын

— Жап аузыңды

— Сен бізге 100 мың сириялық фунт төлеуің керек.

Бұл өте үлкен сомма, бірақ Мұхаммед төледі. Себебі ДАИШ-тың жолын кескендердің бастарын шауып алып отырған.

Түнде үйіміз жарылыстан қозғалып кетті. Жаңалықтардан халықаралық коалиция алғаш рет ДАИШ-қа қарсы соққы жасағанын естідік.

Келесі күні такси жүргізушісі бомбаның ДАИШ-қа тиесілі көптеген ғимаратқа түскенін айтты. Полиция ДАИШ туралы ақпаратты жеткізгендерді іздеп жатқанын ескертті.

Көшеде бір топ адам шұңқырдың жанына жиналды. Шұңқырда әйел отырды. Ер адамдардың бірі «Бұл әйел зина жасады. Сондықтан таспен өлтіріледі» деді ол. Оның сөздерін ұшып бара жатқан ұшақ басып тастады. Сатушылардың бірі «Тығылыңдар, тығылыңдар» деп айқайлады. Базарға бомба тасталды. Көшеде бөлшектенген адамдардың денесі жатты. Көбіне бейбіт тұрғындар зардап шекті. Бұл террористердің көзін жоюға арналған ресейлік ұшақ еді. Қаладаға терроризмнен қиындық көріп отырғанымыз аз ба еді?! Енді бізде әуеден де соққы жасайын деді ме?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір