• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:49:40
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 NEWS

Атырауда лифт шахтасындағы трагедиядан кейін арнайы комиссия құрылды

Екі жасөспірім қаза тапқан жазатайым оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылған.

Атырауда болған трагедиядан кейін арнайы комиссия құрылып, барлық лифт шаруашылықтары тексеріледі,  бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық ТЖ және жұмылдырылған жұмыс бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша,  екі жасөспірім қаза тапқан жазатайым оқиғаның себебін анықтайтын комиссия құрылған.

-Барлық лифт шаруашылықтарына тексеру жүргізіледі. 94  көп қатарлы тұрғын үйде 266  лифт орнатылған.  Оның 32-сі жұмыс істемейді,  жетеуі жүк лифті,-дейді Талғар Хайруллин.

Трагедия болған үйдегі жүк лифті 2012  жылы демонтаждалған,  есіктері дәнекерленген. 
-Жасөспірімдердің лифт шахтасына қалай кіргендерін тергеу жұмыстары мен құрылған комиссия анықтайды, -  дейді Т.Хайруллин.

Жазатайым оқиға болған тұрғын үй 2007  жылы салынған, 2010  жылы  16 қатарлы үй күрделі жөндеуден өтті,  сол кезде лифтілер де жөнделген. Лифтілерді іске қосумен  «Каспий лифт» ЖШС айналысады, ПИК, пәтер иелері мен аталған мекеме арасында үшжақты келісім жасалған.

Айта кетейік, Атыраудағы Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты үйде істен шыққан лифттің шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қайтыс болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір