• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:49:48
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 NEWS

Атырауда лифт шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қаза тапты (видео)

Лифт шахтасына құлап, абайсызда ажал құшқан 14 жастағы жасөспірімдер қаладағы 34 мектептің оқушылары екен.

Атыраудағы Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты үйде істен шыққан лифттің шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

- Ресми мәліметтерге сәйкес 21 мамырда түнгі 23:30-да жүк тасымалдауға арналған лифттің шахтасына байқаусызда 14 жастағы бала құлап, көз жұмған. Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде түнгі сағат 01:08 де екінші жасөспірімнің жүрегі тоқтады. Жүк тасымалына арналған лифт істен шығып, қолданысқа жарамай тұрғанына біраз уақыт болған. Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп мәлімдеді Атырау қаласының азаматтық қорғау басқармасы.

Куәгерлердің айтуы бойынша лифт жұмыс істемейді. Кабинасы жоқ лифтке екі жасөспірімнің кіріп кеткендігі түсініксіз болып отыр. Шахтаға құлаған балалар қаладағы 34 мектептің оқушылары екен.

- Бұл жердегі лифтте кабина жоқ. Тек шахтасы ғана бар. Бұрын жоба бойынша екі лифт болған. Бірі жүк лифті. Барлығы біздің қаражатымызға жасалды. Екінші лифтті алып тастады. Есіктерінің барлығын дәнекерледі. Бірақ шахтасы сол күйі қалып қойған. 15-ші қабаттағы лифттің есігі неліктен ашық қалғанын түсіне алар емеспін. Балалар осы есіктен құлап кеткен,-деді 19-шы үйдің тұрғыны Нұргүл Әжіғұлова.

Алмагүл мөлтек ауданының 22-23 үйлерінің тұрғындары бір айдан бері «Каспий лифт» ЖШС қызмет көрсететін лифтке шағымданып келген. Істен шыққан 23-ші үйдің лифті қосалқы бөлшегінің жоқтығы кесірінен бір айдан аса жұмыс істемей, тұрғындар әбігерге түскен.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында да істен шыққан лифт журналист әйелдің оқыста көз жұмуына себепші болған еді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір