• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:23:34
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2018 Сұхбат

Заманауи поэзияның классигі: Америкада орыс болсам, Ресейде қазақпын

Заманауи поэзияның классигіне айналған Бақыт Кенжеев осыдан бірнеше жыл бұрын ССРО-дан Канадаға қоныс аударған.

Бақыт Кенжеев қыркүйек айында қазақстандық ПЕН-клубтың шақыртуымен Алматы қаласына келді. Классик ақынның елге келуіне орай Forbes.kz сайты Бақыт Кенжеевтен сұқбат алған. Аталмыш сұқбатты Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазақ тіліне тәжімалап оқырман назарына ұсынуды жөн көрді. 

Заманауи поэзияның классигіне айналған Бақыт Кенжеев осыдан 35 жыл бұрын ССРО-дан Канадаға қоныс аударған. Әдеби ортада Бақыт Кенжеевті заманауи орыс поэзиясының өкілі ретінде қарастырады. Автордың қазіргі таңда өлең мен прозадан тұратын 20 шақты кітабы бар. Ол «Антибункер» атты әдеби премияның лауреаты, «Мәскеу-транзит» премиясының иегері, сонымен қатар 2 рет әдебиет бойынша Нобель премиясымен марапатталған. Ал Қазақстанда «Тамыр» журналының лауреаты атанған азамат.

Химик әрі лирик

Бақыт Кенжеевтің 4 романы мен 20 шақты өлеңдер жинағы әлемнің 10 тіліне аударылып, жарияланған. Сіз осындай әдеби жетістікке жеткен адамның кезінде ММУ-да (Мәскеу мемлекеттік университеті) коллоидты химия кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істегенін көз алдыңызға елестете аласыз ба? Химия мен лирика секілді бір-біріне ұқсамайтын, бірікпейтін саланың бір адамның бойынан табылуы таңқаларлық жайт. Кейін Бақыт Кенжеев шығармашылыққа көңіл аударғанды жөн көрді. Яғни, лирик Бақыт Кенжеев химик Бақыт Кенжеевті басым түсті. Кенжеев ғылымнан бас тартқан шақта химия қандай өзгерістен құр алақан қалғаны белгісіз, бірақ әдебиет ортасы әлемдік деңгейдегі бірегей классикпен байи түскені анық.

Әлем мойындаған классик Бақыт Кенжеев әдебиетке жаны құмар жастарға тек атақ-абыройды ойламай, қалай нан тауып жеудің де әдістерін қарастыру керек екенін айтып, кеңесін аямады.

— Әдебиеттен жақсы ақша тапқан соңғы ақын Пушкин болатын. Бірақ оның Александр Смирдин атты қаламақыны аямай төлейтін дархан көңілді кітап бастырып шығарушысы бар еді. Мықты табыс табатын Пушкиндай болу керек. Болмасаң да ұқсап бақ. Өз дәуіріңді қалыптастыр, - дейді қаламгер.

Қырғи-қабақ соғыс қайта оралды

Бақыт Кенжеев

Пушкиннің кезеңі желтоқсаншылардың көтерілуімен, 1812 жылғы Ресейдегі Отан соғысымен әлем тарихынан орын алды. Ал Бақыт Кенжеев бізбен бірге қырғи-қабақ соғыстың кезеңінде өмір сүріп жатыр. Оның айтуынша, Америкада тұрып, орыс тілінде өлең шығара тұра саясаттан шет қалу, әрине, қиын.

— Осыдан 20 жыл бұрын барлығы әлдеқайда анық, айқын көрінетін еді. Яғни, жақсы мемлекеттер, жаман мемлекеттер және жақсы мемлекеттің қатарынан көрінгісі келетін елдер болатын. Ал қазір ешкім ештеңе түсіне алмайды. Барлығы түсініксіз, белгісіз, нашар деңгейге түсіп кеткен. Адамгершілік ақымақтық секілді көрінеді. Менің қатты көңілім қалды. Жарайды, Ресейде билікке тәуелді. Ал Америка секілді керемет мемлекеттің Трамп сияқты құбыжықты таңдауы ақылға қонбайды. Әлі күнге дейін түсіне алмай келемін.

Батыс елдерінде жергілікті тұрғынға айналу үшін 30 жылдай уақыт жеткілікті. Десе де шетелге қоныс аударуға қатысты Кенжеевтің пікірі біркелкі емес. Ол бір кезде Пушкин секілді «Сен хансың: Жалғыз өмір сүр. Азат өмірге асығып, азат ақылыңның соңынан ере жүр» деп ойласа,  бір жағынан көз алдыңа елестеткеннің бәрі орындалатындай өмір ертегі емес дегенді түсінеді. Бақыт Кенжеевтің пайымдауынша, шет елге қоныс аудару бұл стресс, әлеуметтік, мәдениеттік түп-тамырдан қол үзу.

 — Егер сен жас әрі ағылшын тілін еркін меңгерген болсаң, қоныс аударуыңа ештеңе кедергі бола алмайды. Ал егер орта жастан асқан, ағылшын тілінде еркін сөйлей алмасаң, шет елге қоныс аударудың еш қажеті жоқ. Шет елге қоныс аудару – уақыт жоғалту. Сен шетелге қоныс аударсаң, ағылшын тілін жетік меңгерсең де карьера құру үшін кемінде 10 жыл еңбектенесің. Сен барлық досыңды айырыласың. Қазір, әрине, ғаламтор арқылы достарыңмен араласып тұруыңа болады. Бірақ бұл көпшілік ойлағандай оңай емес әрі үзеңгілес достардың жаныңнан табылуы біз ойлағаннан да әлдеқайда маңызы жоғары дүние.

Қазақтармен өзімді жайлы сезінемін

Бақыт Кенжеев

Бақыт Кенжеев азаматтық алуға рұқсат етілсе де, америкалық емес. Оның екінші жары АҚШ-тың тумасы. Оның жанына жақын ел - Канада. Бұл елде Бақыт Кенжеев 20 жылдан астам уақыт өмір сүріп жатыр.

— Кеңестік кезеңде Питер мен Мәскеу мәдениеттің орталығына айналған болатын. Оның артында көпшіліктің түсіне де кірмеген шет аймақ болатын. Қазір барлығы өзгеріске ұшырап жатыр, шүкір. Жаңа мәдениет орталықтары пайда болды. Алматы да сондай мәдениет орталығына айналады деген сенімдемін. Қазіргі кезде қазақстандық әдебиетте әлемдік деңгейге шығатын Ербол Жұмағұлов секілді азаматтар бар. Бұл керемет жаңалық, деп қазақстандық әдебиетшілерге жоғары баға берді.

Бақыт Кенжеев алғаш рет төлқұжатын жасату барысында саналы түрде әкесінің ұлтын, «қазақ» ұлтын таңдапты.

— Мен жартылай орыс, жартылай қазақпын. Қазақ тілінде сөйлей алмаймын, себебі мен орыс тілді жазушымын. Америкада мен орыспын. Себебі Америкада еврейсің бе, қазақ әлде орыссың ба, бәрібір, америкалықтарға ұлттың маңызы шамалы. Олар «егер сен орыс тілінде сөйлесең, демек орыссың», - деп қабылдайды. Ал Ресейде мен қазақпын. Мен өзімді орыс ұлты ретінде қабылдай алмаймын. Маған өзімді қазақ деп есептеген ыңғайлы әрі жағымды. Қазақстан туралы бір ғана пікірім бар, Қазақстан – әлемге ешқандай наразылығы жоқ мемлекет, осыған шүкір етемін.

Дереккөз: forbes.kz

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір