• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:21:13
Алматы
+35°

24 Наурыз, 2018 NEWS

Тағы да тасқын. ШҚО-да 40-тан астам үйді су басты (фото, видео)

Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болады.

ШҚО-да Өскеменнен Семейге баратын тас жолды су алды. Глубокое ауданында екі өзен арнасынан асып кеткен. Облыс орталығында 75 аула су астында қалған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Глубокое ауданындағы Прогресс ауылында 25 тұрғын, 10 ірі қара мен 20 ұсақ мал қауіпсіз жерге көшірілді. Адамдар ауыл мектебіне және туыстарының үйлеріне орналастырылды.

ШҚО-дағы су тасқыны

Осы аудандағы Тарханка ауылында аудандық ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауылды аман алып қалуға жанталасып жатыр. Мұнда екі өзен ернеуінен асып кеткен.

Ал Өскемен – Семей тас жолының 29-шақырымында шамамен 50 метрдей жол төсемін су алған. Оқиға орнында жол жөндеу кәсіпорны жұмыс істеуде.

Өскемен қаласында 32 үй мен 75 аула су астында қалған.

ШҚО-дағы су тасқыны

Дағдарыс орталығында құтқарушы бөлімшелердің жұмысын жедел штаб үйлестіріп отыр.

«Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болады. Сондай-ақ құжаттарды, қажетті заттарды және азық-түлікті дайындап қойыңыздар. Су үйге жақындаған жағдайда электр энергиясын өшіріп, қауіпсіз жерде көмек күтуге кеңес береміз», – делінген ШҚО ТЖД таратқан хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір