17 Қараша, 2017 NEWS
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады
Жауын-шашынға қарамастан, қарашада барлық күндері ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болды
Қазақстан территориясынан алыстаған атмосфералық фронттардың орнына, Волга аймағынан жылы және суық фронттардың келесі жүйесі жылжиды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. Жаңбыр аралас қар жауып, тұман және көктайғақ – алдағы тәулікте республика облыстарының басым бөлігінде осындай ауа райы күтіледі.
Жауын-шашынға қарамастан, қарашада барлық күндері ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болды. Тропосфералық ағындар кең бағытын сақтап қалғандықтан, температураның төмендеуі күтілмейді, ол бұрынғынша әдеттегіден 2...7 градус нормадан жоғары болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір