• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:04:14
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2018 NEWS

Қазақстанда жастарға арналған телеарна өз жұмысын бастайды

Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек.

Қазақстанда жастарға арналған Jastar1 телеарнасы жұмысын бастайды. Бұл туралы «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

— Наурыз айында елімізде жаңа телеарнаның тұсауы кесілмек - Jastar1. Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек. Телеарнаның негізін қалаушы - тәжірибелі медиаменеджер Ілияс Башарұлы Ысқақов. Кезінде «Қазақстан» ұлттық арнасының ең сапалы жобаларын іске қосқан ағамыз. Енді бар күшін аталған арнаға салмақ. «Байтақ-Болашақ» альянсы да телеарнаның ашылуына өз үлесін қосты. Тәуелсіздік кезіндегі жеке азаматтардың үлесімен ашылып отырған бірінші қазақ телеарнасы! Сонымен, жаңа жылда жаңа арнаны көріңіздер!, — деп жазды ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір