• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:37:00
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2019 Спорт

Қазақстан президенті Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

Тұрсынбаева тарихта ересектер арасындағы сайыста төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күміс жүлдегер иесі Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тарихта тұңғыш рет төрт айналымдық секіріс жасады. Жарайсың! Қазақ спорты жасай берсін!", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өз твиттер парақшасында.

Айта кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, мәнерлеп сырғанау тарихында ересектер арасындағы сайыста төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанды.

Әлем біріншілігінің "алтыны" ресейлік Алина Загитоваға бұйырса, үшінші орынды Евгения Медведева иеленді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір