• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:25:08
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды

Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына алғаш рет ресми сапармен барды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-сапар барысында Н.Нығматулиннің Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботкамен келіссөз жүргізуі жоспарланған. Сонымен қатар, Аустрия Парламенті Федералдық Кеңесінің басшысы И. Аппемен, ЕҚЫҰ қазіргі Төрағасы М. Лайчакпен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жетекшісі Г. Церетелимен кездесулері қарастырылған.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында сөз сөйлейді деп күтілуде. Ассамблея Еуропаның, Азияның және Солтүстік Американың 57 елінің 300-ден астам  Парламент өкілдерін біріктіреді.

Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір