• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:33:04
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 Аймақтар

Мәулен Әшімбаев: Әлеуметтік кәсіпкерлік өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді

Мәулен Әшімбаев әлеуметтік бастамаларды дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасы екенін айтты

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Астанадағы «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасының жұмысымен танысу барысында айтты.

Шеберханаға арнайы келген Мәулен Әшімбаев әлеуметтік бастамаларды дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасы екенін айтты.

Нұр Отан

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындамүмкіндігі шектеулі жандарға жүйелі қолдау көрсету жәнеолар үшін кедергісіз орта қалыптастыру туралы алдымызғанақты міндеттер қойды. Соған байланысты партиямызбелсенді әрекет етіп, нақты жұмыстарды қолға алды, – деген ол «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспенқамту қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі екені сөзсіз. Сол себепті, еліміздің бас партиясы осы мәселені тиімді шешудің озық үлгілерін қарастырып, ұтымды жолдарын қолға алмақ.

Әрине, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттен тиісті жәрдемақы алады. Дегенмен, олардың арасында жұмысқа қабілетті және еңбекке араласқысы келетіндері барекенін ескеруіміз керек. Сондықтан олардың қосымша табыс тауып, өмір сүру сапасын арттыруына лайықты жағдай жасалуы тиіс. Осы мәселені оңтайлы шешу үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің берері мол деп есептеймін, – деді Мәулен Әшімбаев.

Нұр Отан

Осыған орай «Нұр Отан» «GreenTAL» компаниясының тәжірибесінің Қазақстанның өзге өңірлерінде де іске асырылуына ықпал етуді көздеп отыр. Аталған әлеуметтік шеберхана осыдан төрт жыл бұрын кәсіпкер Эмин Аскеровтің бастамасымен ашылған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытып, жұмысқа орналастыруға қажетті жағдай жасалған. Шеберхана Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы жанындағы Психоәлеуметтік оңалту орталығында орналасқандықтан, мұндағы қызметкерлердің басым бөлігі созылмалы ментальді ауытқушылыққа шалдыққан жандар.

Бүгінде шеберханада темір, ағаш, дәнекерлеу, тігін және безендіру цехтары, көркемөнер студиясы, сондай-ақ, типография жұмыс істейді. Сондай-ақ таяуда мұнда даяшы, бармен және ас үй қызметкерлерін даярлайтын тренниг-кафеде өз жұмысын бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір