• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:55:25
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Мәскеу соты Жомарт Ертаевқа қатысты шешім шығарды

Бүгін Мәскеу қаласында Жомарт Ертаевқа қатысты сот отырысы өтті.

Ресей соты Жомарт Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтының дерегін негізге алып. Әзірге сот шешімі заңды күшіне енбеген. Ал бизнесменнің адвокаттары сотқа шағым түсірмек. 

Бүгін Мәскеу қаласында Жомарт Ертаевқа қатысты сот отырысы өтті. 

"Мәскеу қалалық соты РФ Бас прокуроры орынбасарының 2018 жылдың 7 желтоқсанындағы Ертаевты Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына беру туралы шешімін негізді әрі заңды деп таныды", деп хабарлады Мәскеу қалалық сотының баспасөз хатшысы Ульяна Солопова. 

Айта кетсек, Жомарт Ертаев Қазақстанда алаяқтық және Bank RBK банкінен 80 миллион доллар жымқыруға қатысқаны үшін айыпталған болатын. 

Ертаевтың адвокаттары соттың бұл шешімімен келіспейді. Олардың қатарында Алексей Петров бар. Ол бұл шешімге қатысты жоғары сот инстанцияларына шағым түсіруді жоспарлап отыр. 

Еске сала кетсек, 2018 жылдың мамырында Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысымен Жомарт Ертаев "Москва Сити" маңында ұсталған болатын. Алайда Мәскеу соты оны бірден қамауға алмай, үй қамаққа алған. Алайда бірнеше айдан кейін үй қамақ та өз күшін жойды. 

Араға біраз уақыт салған соң Жомарт Ертаев Ресейден босқын мәртебесін сұрайды.  Сосын Қазақстан азаматтығынан бас тарту жөнінде мәлімдеме жасады. 

Осындай жайттардан кейін де Қазақстан Бас прокуратурасы Ертаевты 2017 жылы алған Ресейде тұруға ықтиярхатынан айыруға қол жеткізді. 

Ал Жомарт Ертаев болсае өз кезегінде Қазақстан билік өкілдерінің қуғындауына ұшырағанын, сондай-ақ мұның бәсекелестерінің мүддесі үшін жасалған саяси сипатқа ие екенін айтып, түрлі мәлімдеме жасады. 

Еске салсақ, Қазақстанда Жомарт Ертаевқа 2018 жылдың наурыз айында алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол кезге дейін елден кетіп қалған кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланған болатын. ҚР ҚК 177-бабы 4-тармағы бойынша, Bank RBK банкінен 80 миллион жымқыруға қатысқаны үшін ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір