• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:46:24
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2018 NEWS

Мәдениет министрі Канн фестивалінде жүлдегер атанған қазақ қызын құттықтады

ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 71-ші Канн кинофестивалінде "Үздік актриса" атанған қазақстандық Самал Еслямованы құттықтады.

ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 71-ші Канн кинофестивалінде "Үздік актриса" атанған қазақстандық Самал Еслямованы құттықтады

"71-ші Канн кинофестивалінің халықаралық қазылар алқасы үздік әйел ролі сыйлығын Қазақстанның тумасы, актриса Самал Еслямоваға берді.

Самал ГИТИС-та оқыған және оның бірінші рет түскен фильмі Сергей Дворцевойға сәттілік алып келді - оның "Тюльпан" атты картинасы 2008 жылы Қазақстанның қатысуымен, ОҚО Бетпақдалада түсірілді, ол Канн кинофестивалі бағдарламасының маңызы жағынан екінші саналатын "Ерекше көзқарас" Гран-приін жеңіп алды. Тура 10 жыл өткенде Дворцевой мен Еслямова "Айка" жұмысымен тағы бір сәттілікке жетті, ол фильмді бес кино компания түсірген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. Бұл шығармашыл тандемді құттықтаймын! Сіздерге сәттілік және жаңа жеңістер тілеймін!", - деді министр өзінің facebook парақшасындағы құттықтауында.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір