• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:22:01
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Кеше Назарбаевқа қарсы шыққыштар, енді Тоқаевқа қарсы шыға бастады"

Оларға ел тұтастығы мен тұрақтылығы емес, жалған "шыншыл екен, батыр екен" деген атақ қана керек

Кеше Назарбаевқа қарсы шыққыштар, енді Тоқаевқа қарсы шыға бастады. "Шал кет" деп ұрандағандар, енді орынынан кеткен кезде артынан əр түрлі сөздер айтып, тас атып қалуда. Ал жаңа басшымыздың атына да түрлі лас (көбісі өтірік) əңгімелер мен анекдодтар шығарып таратуда. Біліңіздер, кім бұған дейінгі басшымызға қарсы шығып келсе, ендігі басшымызға да қарсы шыға беретін болады. Өйткені оларға ел тұтастығы мен тұрақтылығы емес, жалған "шыншыл екен, батыр екен" деген атақ қана керек. Кешелі бергі əлеуметтік желідегі пікірлер соның айқын дəлелі. Алла тағала бүгін ғана президент ретінде халық алдындағы антын қабылдаған Қасым-Жомарт Кемелұлы ағамызға қуат берсін. Қасымдай хан болсын, халқына жомарт болсын, кемел саясат жүргізіп, тоқшылықта елді бейбіт басқаруды нəсіп етсін. Жаңа президент құтты, қайырлы болсын Қазақия.- деген ізгі тілегін жеткізді. 

Біржан Байтуовтың Facebook парақшасынан

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір