• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:13:09
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

БҰҰ Бас хатшысы Ливиядағы мигранттар құл ретінде сатылатын аукционға қарсы

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ливиядағы мигранттарды сату жөніндегі хабарламаға байланысты наразылығын білдірді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ливиядағы мигранттарды сату жөніндегі хабарламаға байланысты наразылығын білдірді,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме беріп жазады. 
 
Ол заңсыз мигранттарды құл ретінде сатып жатқан аукционның видеосын көрген.
 
қазақпарат
 
«Біздің әлемімізде құлдыққа орын жоқ. Адам құқығын бұзатын мұндай жан төзгісіз әрекеттер адамгершілікке қарсы қылмыс ретінде бағалануы мүмкін», — деді БҰҰ Бас хатшысы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде журналистерге берген сұхбатында.
 
Ол мемлекетті БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын ұмытпауға және оның барлық талаптарын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ қазіргі заманғы құлдық түрлерімен күресте бірігуге шақырды.
 
Бұған дейін америкалық CNN арнасы Ливия базарында Еуропаға өтуге әрекет жасаған заңсыз келімсектердің құл ретінде сатылып жатқан видеосын жариялаған болатын. Олардың біреуі шамамен 400 долларға ауыл шаруашылықтарында жұмыс істету мақсатында сатылған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір