• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:41:20
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 Тарих

Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?

Гитлер мен Ева Браунның жерленген мәйітінің күлге айналған барлық қалдықтары 70-жылдары Юрий Андроповтың тікелей тапсырмасымен Бидериц өзеніне жіберіледі.

ХХ ғасырда ең көп дау тудырған мәселенің бірі – фашистік Германияның қолбасшысы Адольф Гитлердің өлімі болды. Америкалық ғалымдардың көпшілігі  Адольф Гитлердің өліміне қатысты нақты деректерге Ресей ие екеніне күдікпен қараған. Ал, 90-жылдары көпшілікке жария болған Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметінің құжаттарында фюрер мен оның зайыбы Ева Браунның денесін зерттеуде кеңестік СМЕРШ барлау ұйымы жан-жақты мүмкіндіктерге ие болғаны туралы айғақтар жазылған. Qamshy.kz ақпарат агенттігі осыған байланысты оқырман назарына нақты белгілі болған фактілерді ұсынады.

Гитлердің денесін қалай тапқан?

СМЕРШ барлау ұйымы басшысының жазбаларында кеңестік тыңшылар 1945 жылдың 5 мамырында Гитлердің кеңсесінің маңынан күлге айналған ер адам мен әйел адамның қалдығы табылғаны туралы деректер бар. Ал, осы істі зерттеуге қатысқан лейтенант Алексей Панасовтың баяндамасында табылған денелерді арнайы сараптамасыз тану мүмкін еместігі жазылады.

Сәйкестендіру процесі: Ол қалай өтті?

Адольф Гитлердің денесі болуы мүмкін деген мәйітті зерттеу бірнеше бағыт бойынша жүргізілді. Гитлерге қатысы бар қызметкерлерден жауап алынып, әртүрлі құжаттар, соның ішінде Гитлердің денсаулық картасы да зерттеледі.

Алғашқылардың бірі болып жауап берген Гитлердің күзетшісі Харри Менгесхаузен кеңседен Гитлер мен Ева Браунның денесін қалай алып кеткенін, оларды жерлемес бұрын жанармай құйып өртеп жатқанын өз көзімен көргенін толыққанды айтып береді.

Мәйітті танудың сот-медициналық құжаттары арнайы акт бойынша тіркелген. Зерттеу жүргізген Николай Краевский табылған мәйіттің бойы 165 сантиметр екенін анықтады. Сарапшы сүйектің анатомиялық ерекшеліктерін ауыз қуысының құрылысына қарап, дәлелдеуге тырысады. Мәйіттің жақ сүйегіндегі ауыз қуысынан Гитлердің өзін улаған удың ампуласына ұқсас сынған әйнек қалдықтары табылған.

Дентокарта нені дәлелдейді?

Ауыз қуысының рентген суреттеріне сүйене отырып жасалған дентокартада мәйіттің дәл сол Гитлердікі екенін дәлелдейтін нақты айғақтар бар. Ол сараптама қорытындысы бойынша Адольф Гитлердің анатомиялық ерекшеліктерімен 100 пайыз сәйкес келген.

«Өлген Гитлердің өзі емес» деген әңгіме қайдан шықты?

1945 жылы табылған мәйіттің Гитлердікі екенін дәлелдейтін сараптама қорытындылары қазіргі күнде Ресей Мемлекеттік мұрағатында сақтаулы. Ал Гитлер мен Ева Браунның жерленген мәйітінің күлге айналған барлық қалдықтары 70-жылдары Юрий Андроповтың тікелей тапсырмасымен Бидериц өзеніне ағызып жіберілген. Десек те, уақыт өткен сайын Гитлердің дене қалдықтарына қайтадан ДНҚ сараптамасын жасау керектігі айтылып келеді. Бірақ, оған ешқандай қажеттілік жоқ. 2002 жылы атақты еуропалық сарапшы-криминалист Марк Бенеке Гитлердің жеке дәрігерінен алған ауыз қуысының рентген суреттерін Мәскеуге салыстыруға әкеледі. Анықталғандай, суреттегі тістердің орналасу реті ресейлік мұрағатта сақталған құжатпен толық сәйкес келген.

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір