• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:01:25
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы баланың мәйіті құдықтан табылды

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Астана қаласында жоғалып кеткен 13 жастағы Өмірхан Бақтаулет өлі күйінде табылды

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Астана қаласында жоғалып кеткен 13 жастағы Өмірхан Бақдәулет денесі өлі күйінде табылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Бірнеше күн бұрын бала сырғанақ тебуге кетті" деген ақпарат тарағаны белгілі.

13 жастағы баланың көз жұмғаны жайында Instagram желісіндегі astana_poiski_propavshih парақшасында жарияланды.

«Бұған сене алмай отырмыз, бала табылды, бірақ... Үйінің жанындағы құдықтан табылыпты. Ақпарат расталған. Туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!» - деп жазылған постта.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК өкілдері де растады.

«19 ақпан күні Астанадағы «Железнодорожный» тұрғын үй кешенінде құтқарушылар тобы 2006 жылы дүниеге келген баланы іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Ол 16 ақпан күні үйінен шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған.

Сағат 16:53 шамасында басталған іздеу жұмыстарының нәтижесінде түнгі 23:40 шамасында сол жердегі канализациялық құдықтардың бірінен баланың мүрдесі табылды. Қалай қаза болғандығы анықталып жатыр» - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сондай-ақ бұл оқиғаға байланысты Астана полициясы да пікір білдірді.

«19 ақпан күні сағат 23:40 шамасында еріктілер канализациялық құдықтан жас баланың мәйітін тауып алды. Ол - із-түзсіз жоғалып кеткен Өмірхан Бақдаулет.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталып, медициналық сараптама жасалады» - делінген хабарламада.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Не хочется в это верить, мальчика нашли, но.... !!!Найден возле дома в колодце!!! Информация достоверная! Соболезнования родным и близким! #Казахстан #астана #astana_city #город_мечты #волонтёры_астаны #поиск #алматы #розыск #поиск_людей . . . . #вко #устькаменогорск #казахстан?? #поискчеловека #родныеждут #родные #poisk #rozysk #помогите_найти #поисклюдей #волонтеры #астаны #Lider_kz

Публикация от Астана Волонтёры LIDER.KZ (@_astana_poiski_propavshih_)

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір