08 Қыркүйек, 2018 NEWS
Ақмолада әкесі өз ұлын көлікпен басып өлтірген
Ақмола облысында көлік басып кеткен сәби ауруханада көз жұмды.
Ақмола облысында көлік басып кеткен сәби ауруханада көз жұмды.
"Оқиға 6 қыркүйекте Ақмола облысы Есіл қаласында болған. Жеке үйлердің бірінде 1985 жылғы ер адам Volkswagen көлігімен ауладан шығып бара жатқанда, 2015 жылы туған ұлын басып кеткен", - деп хабарланды Sputnik.kz порталы берген ақпаратта.
Мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккен сәбиді жедел жәрдеммен орталық аудандық ауруханаға жеткізеді.
"Сәбиге "жабық бассүйек-ми жарақаты, бассүйегі сынған, кеуде қуысы жарақаттанған, кома" деген диагноз қойылды. Оны тез арада жансақтау бөліміне жатқызғанымен, алған жарақатынан жан тапсырды", — деп мәлімет берді дәрігерлер.
Полиция тексеру жүргізіп жатыр, сәбидің денесін сот-медициналық сараптама жасау үшін мәйітханаға жөнелтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір