• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:20:16
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 NEWS

31 арна ПИК жұмысшылары туралы комедиялық телехикая көрсетеді

«31 арнада» «Еңбекші» деп аталатын жаңа комедиялық телехикаяның эксклюзивті көрсетілімі басталады

«31 арнада» «Еңбекші» деп аталатын жаңа комедиялық телехикаяның эксклюзивті көрсетілімі басталады. 12 бөлімнен тұратын «Еңбекші» телехикаясы күн сайын сағат 14.00-де «31 арнадан» эфирге шығады.

Телехикая продюсері Сәбит Рахымбаевтың айтуынша, жоба өте көңілді, ізгі комедиялық фильм болып шыққан. «Телехикая жай ғана күлкілі емес, сонымен бірге өзекті мәселелерді көтереді. Кейіпкерлер жиынтық образдан құралған, сол себепті қазақстандықтарға етене таныс. Бұл – өзі тұратын тұрғын үй кешеніндегі ПИК жұмысына көңілі толмайтын қалалықтар жайындағы хикая. Сюжеттік желіде өмір бойы кеңсе қызметкері болуды армандаған, кеңседен басқа жерде жұмыс істейтіндерді ұнатпайтын жас жігіт туралы баяндалады. Образдардың бәрін күнделікті өмірден алдық, ондағы адамдар біздің айналамызда да жүр», - деді жоба продюсері.

31 арна

«Еңбекші» телехикаясы ұрпақтар арасындағы бітпейтін текетіресті суреттейді. Көрермен бұл хикаядан ПИК ісіне өзінің үлесін қосуға талпынып жүрген жас маман Әлішер мен бастықтың орындығына дейін өз еңбегімен көтеріліп, жұмысты үйреншікті «қалпынан» өзгерткісі келмейтін, кертартпа түсініктегі Жәнібек есімді қабасақал жігіт ағасының арасындағы тартысты тамашалайды.

«Еңбекші» телехикаясының басты рөлін сомдайтын Жасұлан Өмірбек: «Мен үшін бұл телехикая, ең алдымен, белгілі бір әлеуметтік ортадан шығып, басқа бір ортаға топ ете түскен адам туралы оқиға. Соған қарамастан ол өзіне жат ортада орнын таба біледі. Өз кейіпкерім туралы айтсам, Әлішер өте табанды, қайратты жігіт».

31 арна

Телехикаяның басты кейіпкері Әлішерді Жасұлан Өмірбек сомдаса, Сәуле рөлін Жәния Қалиева, Жәнібек рөлін Марат Қабышев, Тамара рөлін Ольга Горбунова, Мұрат рөлін Ернар Қырықбаев ойнап шыққан.

Жоба бұған дейін «Женатики», «Қала аңыздары», «Қазақ стар» және «Мен сені жақсы көрем, Қазақстан» сияқты жобалармен танымал «Большая восьмерка prod» шығармашылық тобымен бірлесе отырып жасалған. «Еңбекші» телехикаясының сценарий авторы – Азим Саидбаев және Рустам Мұхит, қоюшы режиссері - Дастан Алдабек.

«Еңбекші» телехикаясын 12 қарашадан бастап күн сайын сағат 14:00-де « 31 арнадан» тамашалай аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір