• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:52:45
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

2030 жыл... 
Менің кезекті немерем дүниеге келіпті. Арқа-жарқамыз: не айтып, не қойғанымызды білмейміз, құттықтаулар мен қуаныштар... 
Кенет, есік қақпастан бір әскери киімге ұқсас киінген сыптай сәнді кісі кіріп келді, үйге. 
- Мен – Халықаралық Қаржы поли­циясының өкілімін. Сіздің неме­реңіздің дүние есігін ашқа­ны­на 7 минөт 24 секунд болды, ол енді Қазақстанның сыртқы қар­ыз­дары есебінен осы сәттен бастап, 15 миллион 788 мың тенге 47 тиын қарыз. Және сәт сайын борышы өсе береді, осыны еске­ріңіз, сәбидің бауы берік болсын! – деп жылдам үйден шығып кетті... 
Түк ұқпай қалдым: қарызы несі? Әлі анасының сүтін еміп үлгер­меген шарана қалай борышкер?.. 
Шошып ояндым. Малмандай су, үсті-басым. Ту-у, түсім екен... 
Ал, өңімде не болып жатыр?..

...Астананың 20 жылдық мерейтойын дүркіртіп өткіздік, жүз­етек қаржы бөлдік, елдің жана­шыр қауымы «Қазынамызды рәс­уә етпейік, әлемдік қаржы дағ­да­рысының қызу беті қайтпай тұрғанда, етек-жеңімізді жиып, көрпемізге қарай – көсілейік» – деп шырылдап еді, билігің халық­тың жандауысына пысқырған да жоқ... 
Сөйтіп, той-томалаққа құмар, қа­р­ыз алуға құш­тар қазіргі қазақ би­лі­гі еліміздің сыртқы бере­шегін - 167 миллиард АҚШ долларына жеткізді...

Қайда барса да, кім келсе де – қарыз сұрап, несие тілеп, алақа­нын жайюға дағдыланған бүгінгі қаз­ақ билігі – Қазақстанды жер жүзін­дегі 127 елге берешек қылып қойды...

Жаңа дүние есігін ашқан әрбір қазақтың шақалағы дәп сол секундтарда-ақ – 3 миллион теңге қарызбен жарыққа шығады... 
Бұл берешегіміз сәт сайын, күн сайын, сағат сайын... үздіксіз, тоқ­тамай (сағат тілі секілді тықыл­дап...) өскен үстіне өсе береді...

Қазақ Елінің дәп бүгінгі күнгі қарызы – осы жетідегі теңге бағамымен есептесек, шамамен, 58 триллион теңгеге жетті... 
Бүгін Қазақстан әлемге – 167 миллиард АҚШ долларына берешек, демек, біздің ахуалымыз мүлдем мүшкіл. Нақты экономика салалары жұрдай, шағын және орта кәсіп­керлік салықтар мен тексерулермен тұншық­тырыл­ған елде басқаша болуы да мүмкін емес. 
«Өз үйім – өлең төсегім» дейтін қазақтың қаладағы өкілдерінің басым бөлігі – үй-күйсіз, мәңгілік пәтер жалдаушылар. Оның үстіне, америкалықтардан ондаған есе аз айлық алатын қазақтардың қалаларындағы пәтер сатып алу бағалары – АҚШ-тың Техас, Майями, Лас Вегас қалаларымен бірдей... 
Бұл – таза алыпсатарлық пен сыбайластықтың жемісі. 
Былтыр қазақтар 1 метр тұрғын үйді 235 АҚШ долларына салса, ара­сына сыбайластар мен алыпсатарлар араласып, оның бағасы үш-төрт есеге қымбаттап шыға келеді... 
Адам баласы үшін баспана мен ақшаның ауа тәрізді құнды әрі қажетті екендігін саналарына терең сіңіріп алған қазақ банктері де ешқандай адамшылық немесе құқықтық мәселелерге мән де бермейді: тұрғын үйді кепілдік-қарызға алуға (ипотека) қазақ банктері 15-18 пайыз өсім қойса, аса қажетті несиелер үшін 27-30 пайыз өсім төлейсіз... Ал, қазақ билігі «әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіреміз» деп, уәде етіп, ұмтылған өркениетті елдерде тұрғын үйді кепілдік-қарызға алуға (ипотека) 2 пайыздан, ал, тұр­мыс­тық несиелер 7 пайыздан аспайды... 
Қазақ банкілерінің пайызы еуропалықтардан 5 есе қымбат болғандықтан, біздің еліміздегі қар­жы саясаты мүлдем сауатсыз, деп айтуымыз керек. 
Өркениетті батыс елдерінде банирлер заңсыз әрекеттерден қорқып, аяқ баспайды. Сол себеп­ті, таяуда Исландияда 26 банк басшылары мен құр­ыл­тайшыларын түрмеге ұзақ жылдарға тоғыттты... 
Сол себепті, арада екі Дүниежүзілік соғыс өтсе де, Германияда 1900 жылдар бері банктер банкрот болған жоқ...

Ал, біздің «Қазмұнайгаз», «Қазақстан Темір жолы» тәрізді мемлекеттің аса ірі әрі бет-бейнесі саналған компанияларының қарызы – барлық сыртқы борышымыздың 10 пайызын құраса да, ешкім жауапқа тартылмайды, уақтылы айлығын алып, шетелге демалып, жылдың соңында жүздеген миллион теңгеден асатын сыйақыларын иемденіп, емен-жарқын жарқырап жүре береді...

Неге десеңіз, мысалы, аса қажетті несиелер үшін 27-30 пайыз өсім алатын екінші деңгейдегі қазақтың бір банкі жылына осы өсімнің өзімен-ақ – 700 млрд теңгеден асатын пайда табады...

Бұл – халықты заңды жолмен және ашық түрде тонаудан басқа ештеңе емес! 
Ал, Қазақ Үкіметі қаржыларын шетелге асырып, талан-тараж қылған банклерге Ұлттық Қордың 3 трил­лион теңгесін бөліп, «сақтап қалуға» тырысуда...

Дағдарыстың ауыр күндерінде қазақ билігі күйзелген қарапайым халыққа емес, алшаң басқан олигархтарға ғана көмек қолын созды. Мұны қалай түсінеміз? Бұған кім жауап береді?..

Басқа-басқа, біз құдайы қоңсымыз, біраз жұрты біздің жерімізде босып жүрген өзбек еліне 236 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз екенбіз... Өзбекстанның сыртқы қарызы – бізден 50 есе аз!

Жыл сайын біз шетел несиелері есебінен сыртқы берешегімізді 10 млрд АҚШ долларына көбейтіп келеміз... 
Сонда қазақтың экономикасы қайда, қаржысы қайда? 
Бұл бассыздыққа қашан тоқтау болады?..

Қажымұқан Ғабдолла

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір