• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:38:19
Алматы
+35°

28 Шілде, 2018 NEWS

Тағы екі құрылыс компаниясының жұмысы тоқтатылды

Астана қаласында 18-маусым күні жеке тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде тексеру тағайындау туралы 82 акті тіркелген.

Тұрғын үй кешендерін сапасыз салғаны үшін тағы екі құрылыс компанияның және техникалық қадағалау сарапшыларының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік құрылыс саласын ретке келтіруді жалғастырып жатыр. Қазіргі күнде Үкімет Doing Business саясатын жүргізуде, ол нысанның қабылдау және пайдалануға берілу процесін жеңілдетеді. Алайда, кейбір авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын жеке меншік ұйымдар өз міндеттерін жосықсыз орындауда. Осыған байланысты құрылыс сапасына арналған кеңес барысында Әсет Исекешев құрылыс компанияларын, сондай-ақ нысандарды пайдалануға қабылдау барысында бірнеше рет заң бұзушылықтарға жол бергені үшін авторлық және техникалық қадағалау органдарын аттестаттан және лицензиядан айыру туралы тапсырма берді. 

Мысалы, белгіленген лицензиялау нормаларын, сондай-ақ құрылыс жұмысын сапасыз жүргізгені үшін «Sat Construction Group» ЖШС жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, «CAC group» ЖШС-нің мемлекеттік лицензиясы тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалалық ортаның сапасын бақылау басқармасының мәліметі бойынша,нысандарды салу кезінде өз қызметін тиісінше жүзеге асырмағаны үшін техникалық қадағалау сарапшылары - Ринат Тухватова мен Сәуле Жармағанбетованың аттестаты тоқтатылды.

Айта кетейік, Астана қаласында 18-маусым күні жеке тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде тексеру тағайындау туралы 82 акті тіркелген. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 241 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылған. Осыған байланысты ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 172 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін хабарланғандай, нысандарды салу кезінде құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін, үш компания құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылған. Қатарында «Expolis Invest VM» ЖШС (ТК Royal EXPO Apartments) «Astana Trade International» ЖШС («Олимп палас» ТК), олардың материалдары Жоғарғы соттың қарауында.

Кез келген материалды Астана қаласының
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір