• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:15:41
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2018 NEWS

ҚМДБ өкілі намаз оқуға кедергі жасаған мұғалімді қатаң айыптады

Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт кешенінде мұғалім намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шыққан еді.

Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт кешенінде мұғалім намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шыққан еді. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өз кезегінде Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұл оқиғаға байланысты жауапты адамдардың жазаланатынын мәлімдеді. Аталған оқиғаға байланысты, Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметінің жетекшісі Ағабек Қонарбайұлына хабарласқан болатын. Ағабек Қонарбайұлы, мұғалімнің әрекетін адамгершілікке жат қылық деп сынға алды. 

"Біздің халқымыз намаз, жайнамаз сынды шариғаттың асыл құндылықтарын құрметтеп, қадірлеген. Дінімізде намаз оқыған адамға кедергі келтіру былай тұрсын, оның алдынан кесіп өтуге әсте болмайды. Ал ақпарат құралдарында тарап кеткен бейнежазбада ер азамат намазға жығылған жас баланы балағаттағанымен қоймай, жайнамазын жұлып, желкесінен итеріп жіберіпті. Бұл – адамгершілікке жат қылық. Оның өрескел әрекетін қатаң айыптаймыз. Діни төзімсіздік құлшылыққа құрметсіздік пейілден басталады", - дейді Ағабек Қонарбайұлы. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір