• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:28:15
Алматы
+35°

03 Қаңтар, 2019 Әлеумет

"Өмірі қорлық көрген тышқан байғұс, сенбейді соқыр мысық бар дегенге"

Заң туралы қосайын зарды өлеңге, Іс жүзінде бермейтін жәрдем елге.

Заң туралы қосайын зарды өлеңге
Іс жүзінде бермейтін жәрдем елге
Түйе жұтқан жемқорлар тайраңдап жүр,
Намысын ұмытатын нан дегенде
Мас болып көлік айдап бай-шонжарлар,
Ұқсайды адам қағып дәндегенге
Ертесіне шыға сап еркіндікке,
Қайтадан басып жатыр әлгі "өнерге"
"Заң бәріне ортақ" – деп айтқанменен,
Сүйенетін адам аз ар-беделге
Құрығы ұзын құзырлы органдарың,
Әлсіздерді дайын тұр әурелеуге
Қолына бір түсірсе қан қақсатад(ы)
Кедейдің жалғыз ұлын жар дегенде
Осыдан соң ешқашан қара xалық,
Сеніммен қарамайды заң дегенге
Тағы қандай басыма күн туар деп,
Үрейленіп қалыпты әбден ел де.
Өмірі қорлық көрген тышқан байғұс,
Сенбейді соқыр мысық бар дегенге.

Мейірбек Сұлтанхан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір