• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:48:28
Алматы
+35°

03 Қаңтар, 2019 Әлеумет

"Малика Ескендірдің қабірінің басына барып, кешірім сұрады

Малика Мұхитова Ескендір Сүлейменовтың бейітінің басына барған.

Астана қаласының Есіл аудандық сотында Ескендір Сүлейменовтың өліміне қатысты сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Қорғаушы сот отырысында  Малика Мұхитованың жол апатына кінәлі емес екенін тағы да алға тартты. Адвокаттың айтуынша, жол апатына жоғары жылдамдықпен жүрген Ескендірдің өзі кінәлі. 

Сондай-ақ Малика Мұхитова отбасымен бірге Ескендір Сүлейменов жерленген бейіттің басына  барған.

♦Олжас Сүлейменовтың екінші хаты: Менен қателік кетті...

«Малика 5 қыркүйекте Ескендірдің қабіріне барып, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Маликаның атасы мен нағашы атасы екі  рет Олжас Сүлейменовпен кездесуге барды. Тіпті немересінің жазасын жеңілдету үшін, «жанымызды ал», - деп жалбарынған», — дейді Малика Мұхитованың қорғаушысы.

Малика Мұхитова болса, өз кінәсін толық мойындай отырып, Ескендірдің отбасынан кешірім сұрады.

♦Маликаның соттағы соңғы сөзі: Ескендірді түсімде көрдім

«Мен тағы да Ескендірдің отбасынан кешірім сұраймын. Бұл туралы айтқан сайын мен қатты қиналамын. Барлығымызға да ауыр жағдай. Мен өз кінәмді толық мойындаймын және бас бостандығымнан айырмауды өтініп сұраймын», — дейді Малика Мұхитова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір