• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:02:26
+35°

23 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматы қоғамдық кеңес мүшелері травматикалық қаруға рұқсат беруді ұсынды

Құқық қорғау органдарының жұмысын қайта қарауға Денис Теннің автокөлік ұрыларының қолынан қаза табуы түрткі болды

Ұрлық жасағандарға жазаны қатайтып, азаматтарға травматикалық қару ұстау құқығын қайтару қажет және полицейлердің жалақысы көтерілсін. Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшелері осындай ұсыныс көтерді.

Құқық қорғау органдарының жұмысын қайта қарауға Денис Теннің автокөлік ұрыларының қолынан қаза табуы түрткі болды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, жыл басынан бері алып шаһарда 20 мың ұрлық дерегі тіркелген. Анығы, бүгінгі таңда оның тек төрттен бірі ғана ашылған.  

«Полиция қызметкерлеріне барлығын артып қойғымыз келіп отырған жоқ. Олар үлкен жұмыс атқарады. Жұмыстары оңай емес. Қызметі барысында өз өмірін сарп етіп жатады. Дегенмен, қалада тіркелген қайғылы оқиға бұл жұмыста әлі де кемшін тұстар бар екендігін көрсетіп отыр», – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ.

Қоғамдық кеңес отырысы мәнерлеп сырғанаудың хас шебері Денис Тенннің өлімінен кейін өткізіліп отыр. Даңқты спортшы 19 шілдеде қаза тапқан еді. Сочи Олимпиадасының жүлдегерін Алматыдағы Құрманғазы және Байсейітов көшелерінің қиылысында екі күдікті пышақтап кетті. Үш литрдей қан жоғалтқан спортшы Орталық аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қазір қылмысқа қатысы бар екі азамат ұсталып, тергеу жүргізілуде. Қазақстан байрағын сан мәрте көкте желбіреткен танымал спортшымен қоштасу рәсімі 21  шілдеде Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтті. Ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне келген қарақұрым халық көп болды. Шамамен, қаралы жиынға 15 мыңнан астам адам жиналды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір