• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:27:11
Алматы
+35°

10 Ақпан, 2019 Әдебиет

"Алмас, сен Мұқағали Мақатаевты тағы да бір қырынан таныта түстің!"

Астана Суретшілер одағы Қазмедия орталығымен бірлесіп Мұқағалидың туған күніне арнап көрме ұйымдастырды.

Бәрі де,Отан, сен үшін! 
Мәуелеп тұрған жемісім,
Еселеп жатқан жеңісім-
Бәрі де Отан, сен үшін! 


Біреуге берсең жең-ұшын, 
Беремін мен де жең-ұшын. 
Бермесең өзің келісім, 
Бермеймін мен де келісім!


Кіндігім мәңгі байланған, 
Киелі менің өрісім! 
Қилы бір қиын шақта да, 
Өзіңдей жаным -Аққала. 


Ала жібін ешкімнің , 
Баса көктеп, аттаман. 
Досыма көзімді алартып, 
Жұдырық түймен жатқа да.
Алдыңда ақ қой, ақ балаң... 
Ақ балаң,Отан! 
Ақ болам!!! -деп Ұлы ақын, Отанын өмір бойы жырлып өткен еді.

Мұқаң, Мұқағали! Қазақтың дүлділ ақыны! 88 деген шыңның басында Хан тәңіріне қарап көз жетпейтін биіктен менмұндалап тұр. "Екі сегіз" шексіздіктің егізіндей болса керек. Әрине,туған жері Қарасазда елі еске алып, Ұлы ақынға лайықты құрмет жасап "туған күні" Нағиман анамызбен Мақатай атамызға да құран бағыштап жатқан болар. Ауа-райы да Астанадағыдай емес, күннің шуағы молайып халықтың мейіріміне ұласқан шығар. Бізде де Астанада кешегідей қатаң суық сынғандай,аяздың беті басқа жаққа беттегендей... 

Almas Sirgabaev
Астанада да ақын жанын түсінетін жан болса егер... Олар Астана Суретшілер одағы Қазмедия орталығымен бірлесіп Мұқағалидың туған күніне арнап көрме ұйымдастырды. Танымал суретші, график, кескіндемеші Қазақстан Республикасының "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Алмас Болатханұлы Сырғабаевтың шығармалары көпшілікке бұрыннан танымал. Бұл жолы Алмас Мұқағали жырларына арналған көркем туындыларын көрмеге қойды. Суретші жанын түсінетін Мұқаң тірі болса, "Алмасжан саған арнадым" деп жыр жолдарынан шашу шашар еді-ау. Алмастың бұл шығармалары келешек ұрпаққа, тіпті мыңдаған жылдарға өшпейтін ескерткіш екенін біреу білсе, біреу білмес. Менің айтарым: "Алмас, сен мәңгілікке Мұқағали Мақатаевты тағы да бір қырынан таныта түстің. "Отаным, саған айтамын"  толғауын Алмасжан сен жалғастырдың және жалғастыра беруіңе тілектеспін!" - деп ағынан жарыла жазған екен 
Жанұзақ Мүсәпір Фейсбук парақшасында.

Ендеше, сол көрмеден бірнеше суретті назарларыңызға ұсынайық.

Almas Sirgabaev

Алмас Сырғабаев

Almas Sirgabaev

Almas Sirgabaev

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір