• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:27:10
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Журналист Жириновскийді «сексуалдық әлімжеттік көрсетті» деп айыптады

Мемлекеттік дума комиссиясы депутаттың ісінен оғаш әрекет таппағанын айтып, құқық қорғау органдарына шағымдануды ұсынған.

«Настоящее время» телеканалының журналисі Ренат Давлетгильдеев ЛДПР фракциясының лидері Владимир Жириновскийді сексуалдық әлімжеттік көрсетті деп айыптады. Давлетгильдеев өзге ер адамдарды саясаткер тарабынан жасалған әлімжеттікті ашық айтуға шақырды.

​Журналистің сөзінше, Жириновский 2006 жылы "Мисс Россия" байқауының финалында сұхбат алар кезінде тиіскен. Бұл оқиға Давлетгильдеев өзінің дәстүрлі емес жыныстық көзқарасын жариялағанға дейін болған. Бірақ бұл жөнінде айтудан ұялып келген. 

Владимир Жириновскийдің ұлы, Мемлекеттік думаның төраға орынбасары Игорь Лебедев "Настоящее время" тілшісіне бұл оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартып, "Сізбен сөйлескім келмейді. Мен сізбен гей әріптесіңіз туралы талқылайды дейсіз бе, мен не соншалықты түсіп кеттім бе?" деген.

Осыған дейін бірқатар журналист Либералдық-демократиялық партияның (ЛДПР) тағы бір депутаты Леонид Слуцкийді де "сексуалдық әлімжеттік көрсетті" деп айыптаған. Мемлекеттік дума комиссиясы депутаттың ісінен оғаш әрекет таппағанын айтып, құқық қорғау органдарына шағымдануды ұсынған. Осыдан кейін бірнеше ресейлік БАҚ парламентте жұмыс істеуден бас тартқан. Слуцкийдің өзі бұл айыптауларды "далбаса" деп атаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір