• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:10:06
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019

Жұлдыздар қысқы демалыста ақшасын қайда шашады?

Жыл бойына той мен шоудан қаражат жинаған әншілер шынында, қай елде жиірек демалғанды құп көреді?

Ескі жыл аяқталып, жаңа жыл басталысымен инстаграм беттерінен жұлдыздардың жаны жай тауып, шет елде  жүрген фотосуреттері мен видеоларын жиі байқаймыз. Жыл бойына той мен шоудан қаражат жинаған әншілер шынында, қай елде жиірек демалғанды құп көреді? Сонымен...

Үнемі жұбайын жанынан тастамайтын қырағы өнер иесі Бүркіттің бұл жолғы кинотуындысы сәтті болып, қалтасын қампайтты ма, отбасымен бірге Бали аралдарын аралап жүр.

Бүркіт пен Аиша

Ал, кеше ғана тағы отбасын құрып, елді дүрліктіріп, талай сынның астында қалған Айқын  екінші келіншегі Жұлдызбен бірге Майамиде қыдырып қайтты. Айтпақшы, бұл алғашында екінші жарын елден жасырып әлек болған Айқынның Жұлдызбен бірге алғашқы саяхаты емес.

Айқын мен Жұлдыз

 Ал, қазақ эстрадасы сұлулығының эталонына айналған Мадина Садуақасова да әріптестерінен қалыспай сіңлісімен бірге Тайланд елінің таңғажайыптарын тамашалап  қайтты. Осы ретте Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшілері  Мадинадан сұхбат алды.

–«Бұл жолы Тайланд елін таңдадым. Отбасымдағы 3 қыз және бала-шағамызбен бірге қыдырып келдім. Тайланд елінің табиғаты таңғажайып, керемет қой. Алдымен теңізге түсіп, күнге қыздырынып,  экзотикалық жеміс-жидек жеп, біраз рахаттандық. Балалар үшін де қолайлы болды. Себебі, неше түрлі шоуды да тамашаладық. Маған шет елге саяхаттауға үнемі жолдасым көмектеседі. Шығыс елінде тай массажын қабылдап, денсаулығымызды түзедік. Мен үшін ұмытылмас қызықты саяхат болды. Негізі жылына 2 рет шет елге отбасымызбен бірге шығып тұрамыз».

Алайда қанша саяхатқа қанша ақша жұмсағанын Мадина Садуақасова ашып айтпады. 

Мадина Садуақасова

Қара бала Нұржан Керменбаевтың да «отанасымен бірге» деген фотоларын әлеуметтік желіден көріп, әншінің отбасымен бірге Малайзия елінде демалып жатқанын көрдік. Бұл оның жұбайы Назеркемен бірге алғашқы шетелге саяхаты.

Нұржан Керменбаев

Десек те, той мерзімі саябырсып, концерттен де қол үзген әншілердің қысқы каникулы қызықсыз өтпеген сияқты. Десе де, демалыс үшін шет елдің есігін қаққан әншілердің бұл жолы қалталары біраз қағылған болар. Армандаған елдерін көруге асыққан олардың аз қаражат жұмсамағаны белгілі. Енді шет елде біраз тыныққан олардан халық тың хит туындылар күтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір