• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:15:43
Алматы
+35°

18 Шілде, 2018 NEWS

Жеті жасар баланың жоғалуына 45 жастағы малшы кінәлі болуы мүмкін

Малшы тергелді ме, жоқ па, әлі белгісіз. Тергеушілер қандай да бір пікір беруден бас  тартып отыр.

14 шілдеде Алматы облысындағы таулардың бірінде жеті жасар Ернұр Сәдуақас жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Достарымен «Кіші жаз» жайлауына ойнауға кеткен бала қайтып оралмаған, ал достарының бәрі үйлеріне қайтқан екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер баланы үш тәулік бойы іздепті, алайда нәтижесіз. Ал балалардың айтуынша, ауыл тұрғыны оларды пышақпен қорқытқан көрінеді.

Естері шыққан балалар тауға қарай қашқан. Ал Ернұр белгісіз себептермен төмен қарай жүгіріпті. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Жоғалған баланың жақындары бұған сенбей отыр. Олардың ойынша, балаға 45 жастағы Асқар есімді бақташы қоқан-лоқы көрсеткен болуы мүмкін. Ол күн сайын ішіп алып, өзін біртүрлі ұстайтын көрінеді. Ауылдастарымен тіпті араласпайды екен.

«Малшы әдеттегідей ішіп алып балалар оның телефонын ұрлап кетті деп ойлаған шығар. Ал менің балам балалармен қашып үлгере алмай қалған. Әлгі еркек баланың қайда екенін білетініне сенімдімін. Алайда сол жағдайдан кейін ол адамды ауылдан көрген жоқпыз», - дейді баланың анасы Ләззат Шалабаева.

Малшы тергелді ме, жоқ па, әлі белгісіз. Тергеушілер қандай да бір пікір беруден бас  тартып отыр.

Егер бала жақын күндері табылмаса, іздеу жұмыстарына тағы бірнеше адам қосылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір