• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:24:54
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 NEWS

Жантүршігерлік жол апатында аман қалған Айзада: Шолпан неге хабарласпайды?!.

Алматы қаласында Алмалы аудандық сотында 2018 жылдың 92 желтоқсанында болған жол апатына кінәлі дүнген Кар Ильястың соты жүруде

Алматы қаласында Алмалы аудандық сотында 2018 жылдың 29 желтоқсанында болған жол апатына кінәлі ұлты дүнген Кар Ильястың соты жүруде, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына кінәлі Кар Ильяс бүгінгі сот отырысында оқиғаның қалай болғанын бүге-шүгесіне дейін айтып берді.

Атышулы Ильяс Кар оқиға орнынан не себепті қашып кеткенін түсіндірді

Сот отырысында марқұм Шолпан Елгезекованың ағасы кінәлі тараптың 4 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлегенін айтты. Ал жол апатында аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваның күйеуі Бақыт Беделхан өзінің тарапынан кінәлінің үстінен сотқа арыз жазбағанын айтты.

«Мен үшін ең бастысы – Айзаданың амандығы. Аллаға шүкір, Айзада аман қалды, бүгінде беті бері қарап келеді. Бірақ болған оқиға мүлдем есінде жоқ. Кінәлі азаматқа кешірім беру керектігін өзі айтып отыр. «Оларға кешірім беретін болсақ, мен ертерек сауығамын, олар маған жақсы тілектер айтатын болады...» дейді. Бірақ, ол өзінің екі құрбысы мен такси жүргізушісінің сол түнде қаза тапқанын білмейді. Бұл оқиға оның есінде жоқ. «Не себепті мен сол түні Абай - Сейфуллин көшелерінің қиылысында жүрдім? Қайда бара жаттым? Менің қасымда тағы кімдер болды?».-деп сұрайды. Басынан қатты соққы алғандықтан қазір оған уайымдауға, жаман нәрселерді ойлауға болмайды. Сондықтан, «таксиде тек сен ғана болдың, такси жүргізушісі де аман» деп айтуға тура келді», - дейді Бақыт Беделхан.

Оның айтуынша, Айзада Сатыбалдиеваны ауруханадан шығарғаннан кейін үш күннен соң қайтадан ауруханаға жатқызыпты. "Үйде дұрыс күтіне алмағандықтан толықтай сауығып кетуі үшін осы дұрыс шешім" деп қабылдаған екен. Бақыт Беделхан өз сөзінде бүгінде актрисаның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ марқұм құрбысы Шолпан Елгезекова жайында сұрайды екен.

«Шопик неге хабарласпайды? Ол үнемі хабарласатын еді ғой, одан неге еш хабар жоқ?» деп сұрайды. Кейін «Шолпанды Түркияға іссапармен кетіпті, сенің жағдайыңды естімеген болар» деп алдаусыраттық», - дейді актрисаның жары.

Белгілі болғанындай, апат болған күні Шолпан Елгезекова Астанадан келіп құрбыларымен бас қосып отырыпты. Кейін олар Шолпанның үйіне қарай бет алған болатын, жол апаты сол кезде орын алды.

«29-ы кешкісін Айзада Шымкенттегі кәрі анасына барып, Жаңа жылда сол кісінің қасында болуды жоспарлаған еді. Ал Шолпан сол күні Астанаға ұшып кету керек болатын. Бірақ,  осылай болды, жазатайым жағдай ғой», - дейді Бақыт Беделхан.

Жоғарыда атап өткеніміздей актриса мен оның жары Бақыт Беделхан кінәлі азаматтың үстінен арыз жазбаған.

«Ол өзінің қылмысын мойындады, көлікті соққанын, соның салдарынан үш адамның қаза тапқанын мойындап отыр. Мен басында-ақ сөз алғанда ешнәрсе де сұрамайтынымды айтқанмын, барлығын да өздерінің ұятына қалдырдым. Кінәлі азаматтың туыстары Айзадаға барып, оны көрді, кешірім сұрап, моральдық өтемақы төлейтіндерін айтты. Айзаданың өзі де оған кешірім берейік деп отыр. Мен үшін, ең бастысы, Айзада сауығып кетсе болды.

Ал сол жол апатында қаза тапқан марқұмдардың туыстарын да түсінемін, олар адам жоғалтып отыр, өте қиын жағдай», - деп айтты Бақыт Беделхан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 29 желтоқсанында Алматы қаласындағы Абай Сейфуллин көшелерінің қиылысында Gelendwagen және Mitsubishi көліктері соғысып, үш адам – Шолпан Елгезекова, Динара Хамитова және Бақытнұр Құнапияұлы – қаза тапқан болатын. Алғашқыда Gelendwagen жүргізушісі Ильяс Кар мас күйінде рульге отырып сағатына 120 км жылдамдықпен келіп жеңіл автокөлікті соғып өтті деген ақпарат тараған болатын. Тергеу жұмысы барысында кінәлі азамат Ильяс Кардың мас болмағанын көрсетті, сондай-ақ кінәлі азамат сотта өзіне тағылған «мас болды» деген айыппен келіспейтіндігін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір