• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:03:27
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 NEWS

"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Грозныйдағы шабуылды мойнына алды

19 мамыр күні төрт адам шіркеудегі адамдарды кепіл ретінде ұстамақ болған.

"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Грозныйдағы Архангел Михаил православ шіркеуінде болған шабуылды жауапкершілігіне алған. Бұл жөнінде 20 мамырда SITE Intelligence Group тәуелсіз мониторинг тобы мәлімдеді.

Грозныйда православ шіркеуіне шабуылдаушылардың уәжі әлі анық емес. Ресейдің тергеу комитеті құқық қорғау органдары қызметкерлері өміріне қастандық жасалды деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров шабуылдаушылар жөнінде Telegram каналы арқылы төмендегідей ақпарат таратты: "Екеуі – Гелдаган, біреуі Аргун ауылының тұрғындары. Шешенстанның ІІМ мәліметі бойынша, топ жетекшісі көрші ауданның тұрғыны болған".

19 мамыр күні төрт адам шіркеудегі адамдарды кепіл ретінде ұстамақ болған. Екі полицей мен бір шіркеуге келуші қаза тапқан. Шабуылдаушылар полиция қызметкерлеріне оқ атқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір