• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:50:42
Алматы
+35°

08 Қазан, 2018 Денсаулық

Иммунитет пен шизофрения арасындағы құпия байланыс

Австриялық дәрігер Юлиус Вагнер-Яурегг психикалық ауруларды емдейтін жаңа әдіс ойлап тапты.

Жапондық психиатрлар шизофрениямен ауырған адамның жілік майын ауыстыру арқылы оны толық емдеп жазған.

Бұл оқиға Frontiers in Psychiatry журналында жариялағаннан кейін авторға хаттар келе бастаған. Онда мұндай жағдай бұрында да болғанын жазылған.

Дәрігерлер психикалық ауруға шалдыққандардың негізгі ауруын емдей келе жан ауруын кездейсоқ толық емдеп жазған жағдайлар болған.

Бір жыл өткеннен кейін ғалымдар оның қалай жұмыс істейтінін түсінгендей.

Таңғаларлық оқиға

Н. есімді емделуші 24 жасқа толғанда оның ойлары сырт көзге көрінетіндей және оны өзге адамдар көретіндей елестеді. Ал кино көріп отырғанда актерлер оған құпия белгілер беріп, онымен байланысқа түсуге талпынғандай көрінді. Н. есімді емделушінің жүйкесі тоза бастады. Тез ашуланатын болды. Түнде ұйықтаудың өзі азапқа айналды.

Психиатр Цуёси Мияока параноидты шизофрения деген диагноз қойған. Алайда дәрі көмектеспеген.

Бір жыл өткеннен кейін емделушінің жағдайы нашарлаған. Ол тез шаршап, ауа жетпей, қызуы көтерілетін болған. Медициналық тексеру нәтижесінде, Н. есімді емделуші лейкоздың ауыр түріне шалдыққаны анықталды. Бұл  қан рагінің бір түрі. Оның өмірін сақтап қалу үшін жілік майын ауыстыру керек болды.

Донор табылды. Трансплантация сәтті өтті. Трансплантациядан кейін ер адам галлюцинациядан арылып, шизофренияның ізі де қалмады. Мамандар мұны ғажайыпқа балап отыр.

Бастапқы кезде дәрігерлер бұл уақытша және көп ұзамай галлюцинация қайтып келеді деп ойлады. Алайда содан бері бірнеше жыл болды. Дәрігер Мияканың айтуынша, Н. есімді азамат дәрі ішпесе де онда шизофренияның ешқандай белгілері қалмаған.

Құпия байланыс

Емделушінің жілік майын ауыстыру - иммундық жүйені жаңалайды. Химиотерапия ескі лимфоциттердің көзін жояды. Ал жаңалары донор ағзасында қалыптасады.  

Әрине, бір ғана жағдайға байланысты қорытынды жасауға болмайды. Н. есімді азаматтың операцияға дейін және кейін ішкен дәрілерінің көмегі тиген болуы мүмкін, бірақ емделіп шыққаны оның психикалық жағдайы иммундық жүйемен байланысты болғанын көрсетеді.

Бұл таңғаларлық болжам. Адам миы мен иммундық жүйенің арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Көптеген зерттеушілер байланыс бар деген қорытындыға келіп жатыр.

Бұл саладағы зерттеулер алғаш 100 жыл бұрын жасалған. XIX ғасырдың соңында дәрігерлер психикалық ауруларды емдейтін ауруханаларда тұмау белең алғанда емделушілердің психикалық жағдайы жақсарғанын байқаған.

Жілік майы

(Науқастың жілік майын ауыстыру иммундық жүйені жаңалайды)

Австриялық дәрігер Юлиус Вагнер-Яурегг психикалық ауруларды емдейтін жаңа әдіс ойлап тапты. Ол науқастардың қызуы көтерілгені үшін оларға безгек ауруын жұқтырған. Кейбірі қайтыс болды, бірақ көбі психикалық аурудан жазылып шыққан. Бұл жаңалығы үшін дәрігер 1927 жылы Нобель сыйлығын алды.

• Ракты толық жазудың ауылы алыс емес немесе бір Нобель сыйлығының тарихы

• Джеймс Эллисон мен Тасуку Хондзё рактың иммундық терапиясын ойлап тапқандары үшін Нобель сыйлығын алмақ

Терапияның мұндай түрін қолдану 1950 жылы тоқтатылды. Себебі ол өте қауіпті еді. Бірнеше жыл бұрын психикалық дерті бар әйел қан ауруына шалдығып, қатты қызу көтерілгеннен кейін шизофрениядан толық айыққан. Десе де кері әсерін берген жағдайлар болған. Нидерландыда лейкемиямен ауыратын науқасты емдеу үшін шизофрениямен ауыратын ағасының жілік майын салған. Емделуші жазылған, бірақ шизофрениямен ауыра бастаған.

Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, бірақ әлем бойынша олардың саны көбейіп келеді. Ғалымдар психикалық ауытқу мен иммундық жүйенің байланысын зерттеп келеді.

Джонс Хопкинс университетінің нейровирусология бөлімінің профессоры Роберт Йолкеннің сөзінше, шизофриниясы бар әр үшінші науқаста иммундық баланс бұзылғанының белгілері бар.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір