• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:31:58
Алматы
+35°

22 Желтоқсан, 2018 Спорт

Илья Ильин қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады (видео)

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қазақстандықтарға үндеу жасады

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қазақстандықтарға үндеу жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.

Спортшы отандастарынан ауыр дертке шалдыққан спорт тілшісі Галина Полеваяға көмектесуді сұрайды. 

«Тамаша бір жанға көмектесуді сұрағым келеді. Алматыда 22 желтоқсанда таңғы сағат 10:00-нан кешкі 22:00-ға дейін MAXIMA сауда орталығында қайырымдылық жәрмеңкесі болады. Түскен қаражатты түгел Галинаның еміне береміз. Біз бүкіл спорт әлемі болып, Қазақстан болып оған көмектескіміз келеді», — деді қазір халықаралық Катар Кубогына дайындалып жатқан Ильин.

20 жыл бойы «Хабар» арнасында спорт комментаторы болып қызмет еткен журналист Галина Полевая кемік майын алмастыруы тиіс. Қазақстанда мұндай отаны 50 жасқа дейінгі науқастарға жасайды, Галинаның жасы 60-та. Емді Оңтүстік Корея дәрігерлері жүргізбек, алайда бұған 286 мың 350 доллар қажет.

Спорт тілшісіне олимпиада жүлдегері Юлия Галышева, олимпиада чемпионы Нижат Рахимов, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, үш дүркін Еуропа чемпионы Елена Хрусталева және тағы басқа спортшылар қол ұшын беріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір