• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:14:10
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 Спорт

Хиджабтағы мұз ханшайымы – Захра Лари

Әлемге "Хиджабтағы мұз ханшайымы" ретінде танымал болған Захра Лари кім?

Әлемге "Хиджабтағы мұз ханшайымы" ретінде танымал болған Захра Лари кім? Оқырман назарына ұсынады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Захра Лари – Біріккен Араб Әмірліктерінің мәнерлеп сырғанаушысы. Халықаралық жарыстардағы Біріккен Араб Әмірліктерінің бірінші фигуристі. Әлемге "Хиджабтағы мұз ханшайымы" ретінде танымал.

1995 жылы 3 наурызда дүниеге келген Захраның әкесі – Біріккен Араб Әмірлігінің азаматы, ал анасы америкалық.

12 жастан бастап конькимен сырғанауды бастаған. Захраның айтуынша, ол алдымен анасынан осы спорт түрімен шұғылдануға рұқсат сұрайды. Алайда анасы рұқсат етпеген, ал әкесі келіскендей болады. Захра кәсіби деңгейде сырғанау мүмкіндігіне ие болған кезде, керісінше әкесі түбегейлі қарсы болады, бірақ анасы осы жолы қызын қолдап, әкесін көндіруге көмектескен.

Захраның анасы Рукай Карен күйеуін қызының жарыстарға қатыса алатынына және оған қатысуы керек екендігіне сендіру оңай болмағанын айтады. Бастапқыда әкесі Захраның өнерін ерлер аудиториясының алдындағы қызының биі ретінде қабылдаған. Бірақ кейін қызының мұзда қаншалықты әдемі екенін көрді. Ол Захраны қатты жақсы көретінін және оның бақытты болғысы келетінін түсінеді. Сонымен қатар Захра хиджабын шешпеді, исламға қарсы ештеңе жасамады.

2007 жылы Захра Ларри өз өміріндегі алғашқы спорттық жарысын жеңіп алды. 2012 жылы Италияда халықаралық деңгейде өткен бірінші байқауда жеңімпаз атанды.

Захра Лари Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық деңгейге шыққан және бірінші болып хиджабпен билеген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы атанды, сондай-ақ Захра Ларидің арқасында Біріккен Араб Әмірліктері Халықаралық Мәнерлеп сырғанаушылар Одағының тұрақты мүшесі атанған алғашқы Таяу Шығыс елі болды.

мұз хан

Бұқаралық ақпарат құралдарына  Захра Лари «хиджабтағы мұз ханшайымы» ретінде танылды. Мәнерлеп сырғанаушының айтуынша, бұл лақап оған өте ұнайды, себебі ол мұз айдынына америкалық "Ice Princess" фильмін көргеннен кейін келген.

"Мен бұл фильмді қатты ұнатамын, оны жүзден аса рет көрдім! Мен өзіме: "Міне, мен де осылай істегім келеді" дедім".

 "Мен барлық қыздарға өздерінің ұнататын істерімен шұғылдануын және денсаулықтары мықты болып, сәттілік серігі болсын деп тілеймін. Спортпен шұғылданса деймін. Кішкентай тастай кедергілер таудай болып көрінбесін. Барлығы өз армандарына қол жеткізіп, адамдар арасындағы айырмашылықтарды іздеуге емес, ұқсастықтарды көруге тырысса екен. Бұл менің барлық тілегім", - дейді ол.

Захра Ларидің айтуы бойынша, оны алға жетелейтін қаншама құлап, талпынып жасаған жаттығу мен еңбектен кейін ең соңында мінсіз трюк жасап, қиындықты жеңу сезімі екен.

"Менің елімде қыздар спортпен аз шұғылданады, әсіресе мәнерлеп сырғанаумен. Мен мұзда күнде сағат 7:30-ға дейін және сағат 16:00-де тағы бір жарым сағат сырғанаймын" дейді Захра. "Бұл қиын емес, мен конькимен сырғанауды өте жақсы көремін және табысқа жетуді қалаймын".

Қазіргі күні Захра Лари Абу-Даби университетінде оқиды және ол бұрынғы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Александра Иевлеваның шәкірті.

Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір