• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:20:08
+35°

20 Наурыз, 2018 NEWS

«Халық банк» «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасымен жұмыс істеуге дайын

2018 жылдың екінші жартысында Qazkom-мен келісім аяқталады. Нәтижесінде негізгі бренд Халық Банк болып қалады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Елбасының бастамасы – «7-20-25» жобасын қолдайды, алайда қандай да бір мәлімдеме беретіндей ақпарат жеткіліксіз. Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкінің» төрайымы Үміт Шаяхметова айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–Бұл – халық үшін теңдесіз жоба. Біз бағдарламамен толық таныс емеспіз, тек несиелерді сатып алатын Ұлттық банктің еншілес компаниясы болатыны мәлім. Ол схема өте қиын, жүзеге асыру мен мониторинг жасау да тиімсіз. Біз екінші деңгейдегі банктерде орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл – тиімді әрі оңай жүйе. Мұндай бағдарлама 2009 жылы да болған, – деді Шаяхметова.

20 наурызда өткен баспасөз мәслихатында Үміт Шаяхметова «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2017 жылғы 12 айға шоғырландырылған қаржылық нәтижелері туралы айта өтіп, 2018 жылға арналған болжамдармен бөлісті.

Басқарма төрайымының айтуынша, 2017 жылы банктің таза кірісі 173,4 млрд теңге болған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 32%-ға артық. Qazkom тобын ескермегенде, Халық Банкінің таза кірісі 2016 жылмен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 154,3 млрд теңге болды. Qazkom тобының 2017 жылғы таза кірісі 16,6 млрд теңге болды.

Ал 2018 жылдың екінші жартысында Qazkom-мен келісім аяқталады. Нәтижесінде негізгі бренд Халық Банк болып қалады.

Бұған қоса «Казахинстрах» және «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компанияларын біріктіру мәселесі туралы шешім қабылданды.

Қаңтарда Қазкоммерцбанктің көрсеткіші төмен болды – шығын 5 млрд теңгеге дейін жеткен. 2018 жылдың шілдесінде көрсеткіш қайта қалпына келеді.

–2017 жылы Halyk Group ұйымының әрі қарай дамуы үшін ерекше тарихи мәнге ие болды. Біз Қазкоммерцбанкті сатып алудағы ірі мәмілені аяқтай келе, өзіміздің жетекшілік орнымызды нығайта түстік және қазіргі нарықтың 34%-ын иемденіп отырмыз. Биылғы жылдағы басты мақсатымыз – жүйе құрушы банктер мен топтың сақтандыру компанияларының ағымдағы біріктірілу процесін аяқтау, – деді Үміт Шаяхметова.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір