• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:26:52
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019 Тарих

Великая Русь, БелоРусь, МалоРоссия деген атаулар қазақтың үш жүзінен ұрланған ба?

Қазақ қазақ болғалы қазақтың үш жүз деп аталатын үш арысы бірімен-бірі бауыр еді

Қазақ қазақ болғалы қазақтың үш жүз деп аталатын үш арысы бірімен-бірі бауыр еді. Олар Ұлы Дала деп аталатын алып тайқазанда бірге қайнады. Тіні, Ділі, Діні, Тілі бір болды. Өздерін «Қарға тамырлы қазақпыз» деді. Бір-бірінен енші алыспады. Дастарханы бір еді. Алты айлық жолға шықса да өздерімен бір жапырақ нан алып шықпады. Себебі, қай үйге барса да, алдынан қонақасы күтіп тұрды. Түрме-зындан салмады. Себебі, олардың арасында қылмыс жасайтын адам болмады. Қазақты осы қасиетінен алыстатып, үш бауырдың ара жігін ажыратып, араларына от жағу үшін жауларымыз талай-талай қитұрқы әрекеттерге барған. Алайда ұлы аталарымыз ондайлардың алдына «Ата салттан айныма», Бәрімен ойнасаң да, «Атаңның сақалымен ойнама», «Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», «Бөлінгенді бөрі жейді», «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін», «Қанына тартпағанның қары сынсын», «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген бір ауыз сөзбен алынбас қамал салып кеткен. Барлық қазақ баласына осы қамалды қорғауы ләзім. Мына солтүстіктегі көршіміздің өздерін Великая Русь (Ұлы жүз), БелоРусь (Орта жүз), МалоРоссия (Кіші жүз) деген атауды бізден "еншілеп" алғанымен туыстықты сақтай алмай бірінің қанын бірі судай шашып жатқаны бізге сабақ болмағы ләзім.

Қонақасы демекші, ата-бабаларымыздан қалған мынадай аңыз бар: «Атамыз қазақ өзінің үлкен ұлы Ақарысты ( Ұлы жүздің атасы), ортаншы ұлы Жанарысты ( Орта жүздің атасы), кенже ұлы Бекарысты (Кіші жүздің атасы) енші беруге шақырыпты. Сол ұлы атамыз өзінің бар байлығын (мал-мүлкін) төрт бөлікке бөлген екен дейді. Оның үш бөлігін аталған үш баласына еншіге беріпті. Төртінші бөлігін тағы да үшке бөліп, оны балаларына енші үстіне қосыпты. Естеріңде болсын, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап Сендерге ұлан-байтақ жер қалдырды. Оны үшеуіңе тағы бөліп беремін. Оңтүстік-шығысты Ақарыс, сен иелен. Ол ұлы жүз деп аталсын. Орталық және солтүстікті Жанарыс, сен иелен. Ол Орта жүз деп аталсын. Батыс жақты Бекарыс, сен басқар. Ол Кіші жүз деп аталсын. Ондағы ойым мынадай. Сендер енші алып бөлек үй болып шыққанмен, туыстық қатынастарың, ынтымақтарың мен дәм-тұздарың бөлінбесін. Сендердің ұрпақтарың сапарға шыққанда жолға азық-түлік алып жүрмесін. Әрбір қазақ баласы кез келген үйден ақысыз қонақасы ішетін болсын. Олар жолда шөлдеп, сусап, қарны ашып жүрмесін. Менің сендерге берген төртінші еншім сол. Сол еншімді менің келер ұрпақтарым ғасырдан ғасырға жеткізіп, менің осы өсиетімді бұлжытпай сақтасын!» - деп батасын берген екен.

Тарих тағлымы: Қазақ жүзге, тайпаға, руға бөлінбейді. Қазақ атамыздың ұрпақтары жүзден, тайпадан, рудан, яғни аталы, апалы, ағалы, інілі бауырлардың жиынтығынан  құралады.

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір