• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:01:32
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Үш адам қаза тапқан жол апаты: Ильяс Кар 10 жылға сотталды

Сонымен қатар 4 жәбірленушіге 3 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлейтін болады.

Бүгін қайғылы апатқа себепкер болған Ильяс Карға қатысты сот үкім шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Сот шешімі бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтейтін болады.

Сонымен қатар 7 жылға жүргізушілік куәлігінен айырды. Сонымен қатар 4 жәбірленушіге 3 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Бұған дейін жәбірленушілер Кардан 10 млн теңге талап еткен.

♦Атышулы Ильяс Кар: Оқиға орнынан қашып кету ойымда да болған жоқ

Еске сала кетейік, Алматы қаласында өткен жылдың 29 желтоқсанында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатын. Бүкіл елді есеңгіреткен бұл оқиғаға Gelendwagen маркалы көлік мінген кәсіпкер Ильяс Кар себепкер болған.

♦Үш адамның өмірін қиған жол апатына себепкер Ильяс Кардың соты басталды

Ол сағатына 120 шақырым жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mitsubishi көлігін соғып өткен еді. Жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова және такси жүргізушісінің туыстары апатқа кінәлі азаматты сотқа беріп, тергеу жұмыстары бір айдан аса уақыт жүргізіліп, соты бүгін аяқталды.

♦Атышулы Ильяс Кар оқиға орнынан не себепті қашып кеткенін түсіндірді

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір