• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:44:38
Алматы
+35°

15 Қараша, 2018 NEWS

Ұлттық ұланның сарбазы самбодан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Дүниежүзілік доданың алғашқы күнінен бастап қарсылас шыдатпаған Нұрбол 68 кг салмақта финалда Әзербайжан елінің өкілі Эмиль Гасановпен кілемге шықты

Жуырда Ұлттық ұланның,  5517 әскери бөлімінің сарбазы Қазақстандық самбошы  қатардағы жауынгер Нұрбол Серіков Румыния астанасы Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік доданың алғашқы күнінен бастап  қарсылас шыдатпаған Нұрбол 68 кг салмақта  финалда Әзербайжан елінің өкілі Эмиль Гасановпен кілемге шықты. Аса тартысты белдесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Дегенмен соңғы ұпайды қазақстандық палуан алғандықтан, жеңіс Нұрболға берілді. 

-Мен бірте-бірте қарқынды үдете түстім. Одан  бір жыл бұрын  әлем чемпионатының жартылай финалында осы балуанға есе жіберіп едім. Соның қарымтасын қайырдым. Қуанышта шек жоқ. Белдесу барысында ұстанған тактикам өз жемісін берді. Тізгінді уысымнан шығармай, үнемі шабуылдаумен болдым. Өзім,  осы жарысқа барынша жағдай жасауға қол үшін берген  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Ұлан әскерінің  Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Рүслан Жақсылықов пен  «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының қолбасшысы  генерал-майор Әлібек Сералиевке мың бір алғысымды білдірем.Осы командирлерім  жарысқа дайындалуыма  барлық жағдай жасады.Мінеки, енді  соның жемісін көрдім», – деді Нұрбол жарыстан кейін.

Ұлттық Ұлан

Айта кетейік, қатардағы жауынгер Нұрбол Серіков 1993 жылы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Алғашқы бапкері – Жеңіс Стамғазиев. Бүгінгі таңда Серік  мерзімдік  әскери қызметінің Орал шаһарында орналасқан 5517 әскери бөлімде  адал абыроймен атқаруда.

 Сөз соңында айтарымыз, алтын медаль құтты болсын, ағайын! Алдағы уақытта  Нұрбол әлі де  жеңістеріммен біздерді талай қуантады,- деген сенімдеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір