• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:43:30
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген Түркия азаматының кешірім сұраған видеосы таралды

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген Түркия азаматының кешірім сұраған видеосы таралды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мен Түркия азаматы Али Демир, 18 қыркүйекте Наурызбай батыр мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған оқиға үшін қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучмадан кешірім сұраймын. Қатемді мойындаймын. Дәл сол күндері күйзелісте жүрген едім. Мұның себебі – ұрланған көлік. Бұл ресми құжаттарда тіркелген. Әрине, менің әрекетімді ақтап алатын сылтау емес. Қазақстан халқынан түсіністік танытуын сұраймын. Ер адамның өмірінде түрлі жағдай болады. Мен 5 айлық қыздың әкесімін, әйелім бар. Олар Қазақстан азаматтары. Менің жұмысым да Қазақстанда. Жеті жыл бойы осында тұрамын. Менің қателігім үшін отбасым қиналмаса екен деймін. Сол себепті отбасым үшін түсіністікпен қарасаңыздар екен. Тағы да барша қазақстандықтар мен жүргізушіден кешірім сұраймын», - деді Түркия азаматы видео жолдамада.  

Али Демир кепілге босатылды, сот үкімін күтіп отыр.

Өзге ұлт өкілінің азаматы жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды. Анықталғандай оқиға Алматы қаласындағы Мақатаев көшесінде болған.

Алматы қаласы ІІД мәліметінше, жүргізушіні ұрып-соққан жігіт 1990 жылғы түрік азаматы. Жүргізушінің беті жарақатталып, қабағы жарылған. Оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға Мақатаев көшесінде болған. Жүргізушінің беті-аузы қан-жоса. Есімі – Николай, шамамен 60 жаста. Жедел жәрдемде жұмыс істеп жатқанына ұзақ уақыт болған», - деп хабарлады ведомствода.

Ал ұсталған ер адам 1990 жылы туған Түркия азаматы. Оған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бап 293 бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір