• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:19:26
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Түстің де үш түрі бар немесе ұйқыдағы адам неге шошып оянады?

Шайтани түсті ұйқының кез келген уақытында көре береміз. Ал сыртқы ортаның әсерінен көретін түстер көбінесе басыңды жастыққа қоя сала көруің де ықтимал.

-Бүгін бір түс көрдім... Әдемі ақбоз атқа мініп алып...

-Үлкен жетістіктерге жетесің! Арманың орындалады...

***

-Түсімде пәленшенің баласы көз жұмыпты деймін... Біртүрлі шошып, денем түршігіп ояндым...

-Ее, оның өмір жасы ұзақ болады. Көңіліңе алма, түс түлкінің... 

...

 Пах-Пах! Неткен, ғажап түс! Қазағым жориды-ау! Дұрыс, әрине! «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген де өзіміз. Жақсыға жорып, жаманнан да жақсылық күткеніміз-ертеңгі күнге сеніп, бір үмітке желеу беретіні болар.

Бірақ деймін да, жақсы түс көрсек, «Таңға жуық көрдің бе? Ол-аян түс қой! Бұйырса, бір жақсылықтан үміттен!», «Ойбай, мұның керемет қой! Байлыққа кенелейін деп тұрсың-ау!»...тағы басқа, «ғажап» қылып жорып жібереміз!.

Ал, «нашар» түс көрсек, оны қай уақытта көргенімізге қарамастан, «әй, сен алаңдама, түс түлкінің бірдеңесі...», «уайымдаған соң көргенсің ғой», «түске не кірмейді...» тағысын тағы жоққа шығарамыз. Оны әлгіндегі сөзсіз орындалатын аян түс уақытында көргенімізді де ескермейміз.

Әрине, бұл да дұрыс. Кім жамандық қалайды дейсіз? Түсте тұрған не бар? Әншейін, өңіңде еленбей қалған ойлар немесе ұйқы әлемінің жарнамалары ғой...

Түстің де үш түрі бар.

1. Шайтани түстер: Шайтанның адамды қорқытып, жанын қинап, уайымдайтып, ойына қайғы салу ниетпен көрсететін түстері. Мысалы, құзар шыңнан құлау немесе жүрегің алқымға тығылғандай үреймен шошып оянатын, жалғыздықта, қараңғыда, тұңғиықта қалып қойғандай әсер беретін көріністер көру. Мұндай түстерде түк негіз жоқ. Сол себепті, осындай бұлыңғыр, түсініксіз, үрейлі түстер көрген адам ол түсін ешкімге айтпай, түн ортасында шошып оянған болса, сол жағына үш рет үрлеп, алақанын жайып, Аллаға шайтанның азғыруынан сыйынуы керек. 

2. Жадыда сақталып қалған сыртқы ортаның әсерінен көрген түстер: Бұл түс түріне адамның жеке өз жағдайы мен қиялына байланысты түсінде көрген көріністері жатады. Мысалы, күндіз, ояу кезде қазы-қарта, құрт, яғни, тұзды тағам жеген болсаңыз, көп су ішіп жүргеніңізді көруіңіз мүмкін немесе әлдебір нәрсені көп ойлай берсеңіз, сол түсіңізге енуі мүмкін. Бұл секілді түстерді де жорудың қажеті жоқ. Еш негізі жоқ түстер. 

3. Шынайы түстер: Бұл – есте айқын сақталатын түстер. Бұл Алла Тағала тарапынан сүйінші, ескерту ретінде көрінетін түстер. Яғни, алдағы болатын жақсылықтан, сәттіліктен, жағымды жаңалықтан келген шүйінші хабар іспетті.

Шайтани түсті ұйқының кез келген уақытында көре береміз. Ал сыртқы ортаның әсерінен көретін түстерді көбінесе басыңды жастыққа қоя сала көруің де ықтимал. Яғни, күндіз көп ойлап жүрген дүниені, көзің ілініп кеткенде көруің мүмкін. Ал аян түсті, яғни, шынайы түсті, көбінесе, таңға жуық көреді дейді адам. Сондықтан, таңға жуық көрген түске көбірек мән беру керек. Қызық. Жалпы қай дүниеге болмасын мұқият қарасаң, ойлы адамға ой тастары анық...

Жақсы, жағымды, қуанышты түстеріміз көп болсын! Тек түсімізде ғана емес, өңімізде де бақытты болайық!

Мақпал Сембай 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір