• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:52:13
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған

Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді

Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

WatsApp, Instagram әлеуметтік желілерінде жұмысшылардың аяқ жол төсенішін жинап жатқан сәтінен видео тараған. Видео авторы қалаға жоғары Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин келгенде төселіп, кеткенде жол тастары қайта алынып жатыр деп мәлімдеген.

Ал қала әкімдігінің өкілдері видеода түсірілген аумақ - Түркістан қаласы Тәуке хан даңылы мен Кенесары хан көшесінің қиылысы екенін айтады.

"Қазіргі таңда Түркістан қаласының Тәуке хан даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қала аумағында нысандар салумен қатар жолдардың жөнделіп жатқанын да ел біледі. Аталған нысанға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында бармаған. Яғни, премьер-министрдің сапарына арнайы салынды деген дерек - жалған", - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Негізінде автор видеоға түсіріп жатқан сәтте мердігер мекеменің жұмысшылары өздері сапасыз орындаған 30 шаршы метр жуық аумақ аяқ жолды қайта төсеу мақсатында жинап жатқан екен.

"Яғни Тәуке хан даңғылының Кенесары хан, Ыбраев кошелері аралығындағы 30 шаршы метр жуық аяқ жол төсеніші (брусчатка) жиналып жатқан сәт жұртшылыққа тарап отыр. Бүгінде жиналған құрылыс материалдары талапқа сай реттеліп, (брусчатка) аяқ жолдың ақаулары түзетіліп, орнына қайта орнатылды", - деген әкімдік өкілдері жалған мәлімет таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік арқалайтынын ескертті.

Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір