• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:47:47
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 Тарих

Түп тарихы түсініксіз елдер (фото)

«Қазақта ұлттық мемлекет болмаған» деген теріскейдегі тарихи көршіміздің өз тарихы құпияға толы. Ал тарихшылар әлі бәр келісімге келе алмай жүр.

Тарихшылар мен этнографтардың тынымсыз еңбектеріне, том-том энциклопедиялық зерттеулерге қарамастан кейбір мемлекеттегі халықтардың түпкі тарихының құпиясы әлі күнге толық ашылмай келеді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына шығу-тегі әлі белгісіз ұлттар жайлы  деректерді ұсынады.  

орыстар

  • Орыстар қалай «орыс» атанды?

«Қазақта ұлттық мемлекет болмаған» деген теріскейдегі тарихи көршіміздің тарихының өзі  құпияға толы. Ал тарихшылар орыстардың қалай «орыс» атанғанына қатысты, сондай-ақ ұлт атауының қайдан және қалай шыққанына байланысты ортақ шешімге әлі келе алмай жүр. Орыстардың шығу-тегі туралы ескі жазбаларда олар сақтар, скифтер, сарматтар, үйсіндерден тараған деген деректер де кездеседі.

майялық

  • Майялықтар қалай жойылды?

Майя халқының қалай пайда болғанын, қалай жойылып кеткені туралы нақты деректер жоқ. Зерттеушілердің бір тобы олардың түпкі негізін атланттармен байланыстырса, екінші бір тобы ежелгі мысыр халқының бір тармағы деп санайтын көрінеді. Майялықтар – жер өңдеудің тиімді жүйесін ойлап тапқан алғашқы халықтардың бірі және олардың астрономиялық білімі өте жоғары болғанын дәлелдейтін ескерткіштер де бар. Майя өркениетін өз заманының ең озық бейнесі ретінде білеміз, бірақ олардың тарих бетінен қалай жойылып кеткендігі туралы ешкімде нақты мәлімет жоқ.

лапландиялық

  • Лапландиялықтар моңғолдар ма?

Лапландиялықтарды саамдар немесе лапалар деп те атайды. Бұл этностың тарихы 5000 жылдан кем емес. Тарихшыларды тығырыққа тірейтін лапалардың қалай қалыптасқаны туралы деректердің жоқтығы. Олардың түп тамырын моңғолоидтық нәсілмен байланыстыратын зерттеушілерге қарсы екінші топтың пікірі оларды еуропалықтарға жатқызады. Саамдықтардың тілі әрқайсысын жеке тіл ретінде қарастыруға болатын 10 түрлі диалектіден құралған екен.

пруссия

  • Ең соңғы пруссиялық қайда?

Бұл халықтың да пайда болу тарихы белгісіз. Ең алғаш, «пруссия» сөзі Brusi мағынасында аты-жөні жазылмаған саудагердің дәптерінде кездеседі. Кейінірек поляктар мен неміс жазбаларында пруссиялықтар туралы деректер жиі ұшырасады. Лингвистер мемлекет атауының мәнін  үнді-еуропалық тілден іздейді. Мәселен, санскрит тілінде «purusa» - «адам» деген мағынаны білдіреді екен. Пруссия тілінде сөйлейтін ең соңғы адам 1677 жылы қайтыс болған. 1709-1711 жылдардағы оба ауруы салдарынан Пруссия жерінде өмір сүрген халықтың соңғы ұрпағын жойылды.  

казактар

  • Казактар жеке халық па?

Казактардың шығу тегі әлі күнге белгісіз. Олардың отаны - Солтүстік Кавказ, Солтүстік-шығыс Еуропа жазығы мен Батыс Түркістан. Тарихшылар казактардың тарихын  скиф, алан, черкес, хазар тайпаларымен байланыстырады. Бүгінде казактар – полиэтникалық топ. Алайда олар өздерін жеке халықпыз деп мақтан тұтады.

шумерліктер

  • Дөңгелекті ойлап тапқан қай халық?

Шумерліктер – бәрімізге белгілі бірақ, олардың шығу-тегі құпия. Тарихи деректер олардың тілі қазіргі қытай тіліне ұқсас екендігін көрсетеді. Сөйлеу интонациясына байланысты сөздерінің мағынасы өзгеріп отырған, осы себептен олардың тілі қандай тілдер тобына жатқызылатыны анықталмай отыр. Шумерліктер өз заманында ең алдыңғы қатарлы мемлекет болған. Шығыс әлемінде ең алғаш дөңгелекті пайдаға жаратып, көшпелі өмір салтының негізін құраған. Олардың математика мен астрономиялық білімдері қазіргі күннің өзінде ғалымдарды таңдандырып отыр.

рим

  • Рим цифрларының авторы кім?

Бұл ежелгі халықтың өкілдері адамзат тарихында күтпеген кезеңде пайда болып, кенеттен жоғалып кеткен. Археологтардың айтуы бойынша, этруссктер Аппеннин түбегін мекендеп, сол жерде өз өркениетін қалыптастырған. Дәл осы халық Италия жерінде ең алғаш қала мәдениетін қалыптастырған. Рим цифрын да ойлап тапқан – этруссктер деген мәәліметтер де бар.

сығандар

  • Сығандар – мысыр мәдениетінің соңғы сарқыншағы

Лингвистикалық және генетикалық зерттеулер бойынша Үндістан аймағынан бас-аяғы 1000-ға жуық сыған қоныс аударған. Бүгінде әлем бойынша 10 миллион сыған бар екен. Орта ғасырда оларды мысырлық деген көзқарастар да қалыптасқан. Себебі, ежелгі мысыр дәстүрінің соңғы сарқыншағы саналатын Таро карталарын Еуропа жеріне әкелген сығандар болған. Еуропалықтарды сығандардың мәйітті жерлеу ғұрпы да таңғалдырған.  Олар өлген адамның денесін бальзамдап, табытта сақтаған. Мәйіттің жанына «мәңгілік өміріне» қажетті заттарды қоса жерлеген. Мұндай ғұрыптар сығандардың қазіргі өмірінде де сақталған.

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір