• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:10:32
Алматы
+35°

Соңғы кезде АҚШ президенті Дональд Трамптың денсаулығына қатысты америкалық БАҚ беттерінде әртүрлі болжамдар айтылып жүр. Біреулері «оның денсаулығында кінәрат бар» десе, екіншілері «ол екінші президенттік сайлауға түсуге жарамайды» деген пікірлерді жұртшылыққа таратуда. Ал шындығында солай ма? Ақиқаты–бұл Трамптың қарсыластары тарапынан жасалынып жатқан шабуыл мен арандату екендігі белгілі.

Кеше Ақ үйде сонау кіші Буштан бері келе жатқан дәрігер «Дональд Трамптың денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ» деп мәлім етті. Ақ үй қожайынының денсаулығына қатысты жайтты дәрігердің сөзімен түйіндесек, «Құдай оны осылай жаратқан!».

–Трамптың жағдайы жақсы. Арақ ішпейді, темекі шекпейді, Есте сақтау қабілеті жақсы. Жүйкесінде ешқандай ауытқушылық жоқ. Жүрегі бірқалыпты соғады. Бойының ұзындығы–190 см, салмағы 108 келі, температурасы –36,7, қан қысымы–122/74. Лабороториялық зерттеулер қорытындысын сараптай келе жасалған тұжырым, Трамп президенттік лауазымның келісі кезеңінде де өзін өте жақсы сезінеді деп ойлаймын. Ол ешқашан күйзелісте немесе эмоциялық жағдайда болған емес, – деді оның жеке дәрігері Шон Конди.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір