• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:52:45
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 Денсаулық

Тіс арқылы адамның психологиясын анықтауға бола ма?

Психологтар сүт тістері арқылы баланың психикалық ауруға шалдығу мүмкіндігін анықтады.

Психологтар сүт тістері арқылы баланың психикалық ауруға шалдығу мүмкіндігін анықтады. Бұл  көптеген психиатрлық аурудың алдын алуға көмектеседі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Массачусетс ауруханасының сарапшылары баланың сүт тістері арқылы оның психикалық ауруға қаншалықты қарсы тұра алатынын анықтай алды. Бұл зерттеу жұмысы Америкадағы ғылымды дамыту ассоциациясының Вашингтондағы кездесуінде таныстырылды.

Психиатриядағы проблемаларының бірі - биомаркерлардың болмауы. Биомаркер арқылы психикалық аурудың дамуына бейім тұлғаларды анықтауға болады. Биомаркер кез-келген аурудың даму қаупін болжау үшін пайдаланылады. Мысалы, инсульт алу қаупін қан қысымын өлшеу арқылы алдын-ала анықтайды.

Биомаркерлер емделушінің жағдайын неғұрлым объективті және дәл бағалауға мүмкіндік береді және белгілі бір психикалық аурулардың қалай дамитынын болжайды.

Осыған байланысты зерттеушілер алты жасар балалардың сүт тістерін зерттеп көрген. Нәтижесінде, тісінің эмалы жұқа балалардың бір нәрсеге көңіл бөлуі қиынға соғады және олар агрессивті болып шыққан.

Осындай қиыншылықтары бар балаларда өскен кезінде алаңдаушылық, депрессия, шизофрения және басқа да ауруларға ұшырау қаупі жоғары.

«Ғылыми қауымдастық ретінде біз ондаған жылдар бойы адамдардың психикалық ауруларға душар болу қаупін алдын-ала анықтауға тырыстық. Ендеше сіз тісіңіздің бұл құпияны білуге ​​мүмкіндік беретінін елестетіп көріңіз», - дейді психиатр Эрин Данн.

Ғалымдар алты жастан асқан 37 баланың түсіп қалған сүт тістерін зеттеді. Оның эмаль қалыңдығын, көлемін және басқа көрсеткіштерді қарап, тістің ерекшеліктері мен балалардың мінез-құлқы арасындағы байланысты анықтай алды.

Баланың ана құрсағында жатқан кезінен-ақ тістері қалыптаса бастайды. Тістер жүктілік кезінде және өмірдің алғашқы жылдарында балалармен болған жағдайлар туралы ақпаратты сақтайды. Осылайша баланың болашақта психикалық ауытқуға шалдығуына құрсақта жатқан кездегі анасының көңіл-күйі, күйзеліске түсуі немесе дұрыс тамақтанбауы әсер етеді.

Тіс - бұл жаңа биомаркер. Тісте бастан кешкен уақыт туралы ақпарат сақталады. Балалардағы тістің өзгеруі психикалық симптомдармен тығыз байланысты.

Антропологтар мен археологтар адамдардың жасын, өмірін анықтау үшін тістерін зерттейді, бірақ психиатрияда тіс арқылы психикалық ауытқулардың алдын алуға болатынына назар аудармайды.

Көптеген балалардың мінез-құлқы оның келешегіне әсер етеді. Болашаққа ұмтылмайтын, гиперактивті және агрессивті балалардың келешегі жарқын болмайды, жаман жолға түсіп кетуі де мүмкін.

Психологтардың пікірінше, ата-аналар балаларының мінез-құлқына мүмкіндігінше ертерек назар аударуы қажет. Осылайша, баласының келешекте психологиялық тұрғыдан әлсіз болуының алдын алады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір