• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:29:23
Алматы
+35°

Үндістан тұрғыны смартфонмен сөйлесіп тұрғанда телефон жарылған. Оқиғадан тұрғын көз жұмды. Бұл жайында Daily Mail жазады.

18 жастағы Ума Орам Nokia маркалы телефонын қуат көзіне қосқан. Отбасы мүшелерінің бірімен қуат көзіне қосып сөйлесіп отырған. Алайда қатты дауыс шығып, бойжеткен есінен танып қалған.

Жарылыстан Уманың кеуде тұсы, қолы мен аяқтарын күйік шалған. Оқиға орнына келген дәрігерлер бойжеткеннің өлімін хабарлады.

Бойжеткеннің ағасының айтуынша, жарылған телефон 2010 жылы шыққан Nokia 5233 болған.

Компания қыздың отбасына көңіл айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір