• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:36:43
Алматы
+35°

30 Қараша, 2018 Фото-баян

Татуировка таңбаларының тылсымы (фото)

Питер Бос Нагаландық хедхантерлер бейнесін суреттейтін сериялар түсірді.

Питер Бос Нагаландық хедхантерлер бейнесін суреттейтін сериялар түсірді. Бұл бейнелер «Коньяктар: әшекейлі аңшылардың соңғы буыны» деген кітаптан таңдалынып алынды.

татуировка

 Хедхантерлер өздерінің татуировкаларын дұшпандарына деген қарсылықтарын бейнелеу үшін пайдаланған.

татуировка

Хедхантерлер тарих қойнауына сіңіп кеткеніне қарамастан Коньяк тайпасының егде тұрғындарының бойындағы татуировкалар сақталып келеді.

татуировка

Коньяк тайпасының шамамен 230 мыңға жуық тұрғыны Үндістанның Мьянма  шекарасына жақын Нагаланд елдімекенінде тұрақтаған.

татуировка

 

Христиан миссионерлері аймаққа табан тіреген ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тайпаның дәстүрлі татуировкасы әлсірей бастады.

 татуировка

 Бет белгілерімен қосқанда дене таңбалары тайпада аталып өткен негізгі және өтпелі кезеңдердегі салт-жоралғыларды орындау барысында пайдаланылған.

татуировка

Бос Нагаланд елдімекеніндегі күнделікті өмірдегі түрлі аспектелерді тауып, көрсеткен.  

татуировка

Коньяк жауынгерінің дәстүрлі киімі.

татуировка

«Татуировканың әрбір таңбасы әлдекімнің мәртебесі немесе өмір кезеңін бейнелеген», - дейді 38 жастағы Коньяк Хедхантердің шөбересі Пежин Коньяк.

татуировка

Бос портреттерімен қоса кітапта тату суреттерінің иллюстрациялары мен тайпаның әдет-ғұрыптары, рәсімдері және қоғамдық құрылыстары жайлы мәліметтер егжей-тегжейлі қамтылған.

татуировка

Татуировкалар дәстүрлі түрде ротандар мен ағаш пигменттерін пайдалану арқылы қолмен теріге бекітілген.

татуировка

Коньяк өз зерттеуінің дәстүрлері жоғалып кеткен тайпасының жас буын өкілдері үшін құнды жазба болып қалатындығына сенеді.

 татуировка

 Портреттердің төрт жылға жуық уақыт аралығында дайындаған Бос алты аптадай Нагаландта болған.

 татуировка

Портреттер тайпаның бамбуктен, пальма жапырағынан және ағаштан жасалған дәстүрлі үйлерінде жиі түсірілген.

татуировка

 Бос бір қарағанда қорқынышты көрінетін жауынгерлердің мейірімді және дархан болғанымен, портреттерінің «олардағы мұңды» бейнелейтінін айтты.

татуировка

 Бос жобаларының басым бөлігінде дәстүрлі киімдерді пайдаланылды, бірақ кейбіреулерінде спорттық киімдер мен заманауи үлгідегі аксессуарлар көрініс тапты.

татуировка

 «Олар әлі тірі, бірақ уақыт оларды құрықтады», - дейді Бос егде тұрғындар жайлы.  

«Олар енді бұл әлемде жоқ».

татуировка

Дереккөз: cnn.com

Аударған: Мөлдір Бекжан

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір