• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:12:57
Алматы
+35°

Талғар ауданындағы жантүршігерлік қылмыс полиция қызметкерлерін дүрліктірді. Алматы облыстық ІІД аудандағы кафе маңында болған өлімге қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы tengrinews.kz порталы хабарлады. 

28 шілдеде Талғар аудандық ауруханасына пышақ жарақтымен әрі оқ атылған екі ер адам түскен еді: Айбек Көпжасаров пен Жасұлан Тәттібаев. Көп ұзамай Жасұлан Тәттібаев қайтыс болған еді.

Ағасы Ерлан Тәттібаев істің мән-жайын ашып беруге тырысты:

«Біз кафеде отырған едік, ол да (күдікті) сонда болды. Інім екеуі бір-бірін бала күннен таныды, бір ауылда өсті. Ол Жасұланнан темекі сұрап келді, інім «жоқ» деп жауап берді. Бәрі содан басталды. Ол кетіп қалды да, бір топ ер адамдармен қайтып келді. Сөйтіп інімді сыртқа алып шықты.

Бір уақытта атыс болды. Маған пышақ сұқты. Ал ініме қалай оқ атылғанын өз көзіммен көрдім. Оны аудандық ауруханаға жеткізді, көп мөлшерде қа жоғалтқаннан көз жұмды. 13 жерінен пышақтаған, оқ атқан. Ғимаратта 20-ға жуық адам болды, яғни куәгерлер көп. Біз Талғар аудандық ішкі істер бөліміне арыз жаздық», - деді ағасы Ерлан Тәттібев.

Марқұм Жасұлан Тәттібаевтың туыстары облыстық ІІД мен Талғар ауданының прокурорына арызданыпты. Бұған қоса бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың да назарын өздеріне аударуға тырысуда. Анықталғандай, 99 («Адам өлтіру») және 293 («Бұзақылық») баптары бойынша күдіктілер қамауда отыр, тергеу жалғасып жатыр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір