• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:54:59
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 NEWS

Талғарда ер адамды ұрлағандар ол үшін 500 000 теңге құн сұраған

Арызданушы ағасын ұрлап кеткендерге 450 000 теңге көлеміндегі қаражатты табыстаған.

Адам ұрлап оның құнына 500 000 теңге сұрағандарды полиция бірден ұстап алды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ІІД баспасөз хатшылығына сілтеме беріп хабарлайды.

Ағымдағы жылдың күзінде Талғар АІІБ-ға Алматы қаласының тұрғыны оның бауырын ұрлап кеткендігін және оның құны есебінде 500 000 теңге қаржы сұралғандығын айтып хабарлаған. Арызданушы ақшаны бауырын ұрлап кеткендерге табыстау үшін жолға шығып бара жатқанын жеткізген.

«Арызданушы ағасын ұрлап кеткендерге 450 000 теңге көлеміндегі қаражатты табыстаған. Содан кейін қылмыскерлер із суытқан. Алайда көп ұзамай  полициямен оларды бірден ұстаған.  Қылмыскерлерді ұстау кезінде олардан 450 000 теңге табылды»-деп мәлімдеді полиция басқармасында.

Жедел іздестіру шаралары кезінде қылмысты жасады деген күдікпен бес жұмыссыз еркек ұсталды. Олардың барлығы ОҚО тумалары, 21 мен 27 жас аралығындағы ер адамдар болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп, ҚР ҚК-нің 125 бабы «адам ұрлау»  факті  бойынша іс қозғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір