• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:49:47
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2018 NEWS

Талдықорғанда үшжақты Келісімге қол қойылды

Жиында аумақтық кәсіподақ ұйымының заңгері Әсет Тұрдығұлов баяндама жасап, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның атқарған жұмысына тоқталды

Жуырда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымы, облыстық білім басқармасы және Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы 2018 - 2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты Келісімге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл келісімде білім және ғылым қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келіссөздер жүргізу, еңбек даулары туындаған жағдайда оларды дер кезінде шешуге жәрдемдесу мақсаты көзделген.

Қол қою рәсміне Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Д.Жүнісов, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары А.Оңғарбаева, аудандық қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Жиында аумақтық кәсіподақ ұйымының заңгері Әсет Тұрдығұлов баяндама жасап, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның атқарған жұмысына тоқталды. «Биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 147-бабына сәйкес келісімге жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері, яғни үшінші Тарап ретінде Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы қосылып отыр. Бұл да өз кезегінде білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын заң негізінде қорғау жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз», - деді өз сөзінде Ә. Тұрдығұлов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір